Әлем • 28 Қыркүйек, 2018

Нидерландыда терактқа дайындалған жеті адам ұсталды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Нидерланды полициялары халық көп жиналған іс-шаралар кезінде террористік акт жасауға дайындалған деген күдікпен жеті адамды ұстады, деп хабарлайды BBC.

Нидерландыда терактқа дайындалған жеті адам ұсталды

Олар мерекелік іс-шаралар кезінде жарылыс жасап, қаланың екінші ауданында көлікті бомбалауға дайындалған. Терактың нақты орны туралы ақпарат берілмеді. Сонымен қатар, күдіктілердің де аты жарияланбауда. Арнайы операциялардың Арнем мен Верте қалаларында өткені ғана белгілі болды.

Мәліметтерге сүйенсек, басты күдікті бұған дейін 2017 жылы Сирия мен Иракқа кету әрекеттерінде байқалған. Күдіктілердің жасы 21 мен 34 жас аралығында.

Тергеу ісі ағымдағы жылдың сәуір айында жалпы барлау мен қауіпсіздік қызметіне келіп түскен ақпараттар бойынша басталған. Ұсталғандардан 5 оқты қару тәркіленген.

Нидерландының әділет және қауіпсіздік министрі Фердинанд Грапперхаус мемлекеттегі террористік қауіп төртінші деңгейде сақталатынын мәлімдеді.