Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2018

«Атамекен» «Туризмдегі тұлғалар» жобасын іске қосады

588 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

28 қыркүйек күні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Дүниежүзілік туризм күніне орай www.atameken.kz сайтында «Legends of Kazakhstan» мен «Туризмдегі тұлғалар» жобалары басталатыны туралы мәлімдеме таратты.

«Атамекен» «Туризмдегі тұлғалар» жобасын іске қосады

Осы орайда, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы  Тимур  Құлыбаевтың өңірлерге барған жұмыс сапарларында Қазақстанда туризмді дамытуға зор әлеует барын және сол мүмкіндікті бизнес міндетті түрде пайдалануы керек екенін бірнеше рет айтқанын алға тарта кетуге болады.

Төралқа Төрағасы жаппай туризмді дамыту үшін заманауи шешімдер қажеттігін айтады. Мәселен, бұл бағытты көпшілікке сауатты таныстыру үшін жұмысқа тарихшылар, этнографтар, мәдениеттанушылар, маркетологтар мен дизайнерлерді тартқан жөн.

Осы орайда «Атамекен» ҚР ҰКП туристік нысандар мен тарихи жерлерді насихаттау мақсатында «Legends of  Kazakhstan» жобасын жүзеге асыруда.

«Жоба еліміздің түкпір-түкпірінен 250 аңыз бен дастанды біріктіріп отыр: бұл халық ауыз әдебиеті және аңыздар, табиғат ескерткіштері мен тарихи оқиғалар, этиологиялық аңыздар мен киелі орындар жайында кең ақпарат. Бұл жоба суреттер және жаңа нысандармен толықтырылатынын ескерген жөн», – деді ҰКП Туризм департаментінің директоры Қарлығаш Алтаева.

Барлық материалдар ашық қолданыста берілген, оларды туристік нарықтың мүдделі қатысушылары Қазақстанның туристік өнімдерін насихаттау мен тарату мақсатында қажетіншепайдалана алады. Туристердің ыңғайына «Турист күнтізбесі» жарияланды, онда Қазақстанда өтетін ірі іс-шаралардың күні белгіленген.

 «Туризмдегі тұлғалар» жобасы Қазақстан туризм нарығының кәсіби ойыншыларын анықтауға және сала қатысушыларының ақпаратпен қамтылуын арттыруға бағытталған.

«Туризмдегі түлғалар» еліміздің барлық өңірінен түрлі салалардағы сарапшылар мен кәсіпкерлерді айшықтайды. Бұлар – туристік фирмалардың жетекшілері, қонақүй менеджерлері, табысты рестораторлар, эксурсия гидтері, кәсіби бірлестіктердің өкілдері, белсенді қоғам қайраткерлері және сала дамуына үлес қосқан басқа да кәсіби мамандар.

Аталмыш бұл жоба жоғарыда аталған бастамалармен шектелмей, үнемі жаңа есімдермен және жүзеге асқан қызықты жобалармен толығып отырмақ.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ