Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне барды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін аралап көрді, деп хабарлайды Ақ Орданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіне барды

Мемлекет басшысына Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары таныстырылды.

Жоспарға сәйкес, танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай жасау көзделген. Осыған орай, әрбір турист музей аумағында орналасқан тарихи және айтулы орындарды аралап көре алады. 

Бірінші кезекте Түркістанның ежелгі қоныстарының бірі – Күлтөбе қаласы қайта жаңғыртылатын болады. Әбілмәмбет хан мен Тәуке ханның ордалары мен резиденциялары ортағасырлық мешітімен бірге және басқа да бірқатар нысан толық қайта қалпына келтіріледі.