30 Қыркүйек, 2018

Шетел шеберлерінің қатысуымен Республикалық Практикум ашылды

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

29 қыркүйек күні М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай Қазақстан театрлар  Ассоциациясы ұйымдастырған еліміздің театр өнері қайраткерлерінің және шетел шеберлерінің қатысуымен Республикалық Практикумның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Шетел шеберлерінің қатысуымен Республикалық Практикум ашылды

Қазақстан театрлар практикасына театрдың заманауи формаларын таныстыру мен енгізуге, еліміздегі барлық драмалық және музыкалық-драмалық театрлардың дамуы мен байланысын  нығайтуға, талантты шығармашыл жастарға қолдау көрсетуге, театр режиссерлері мен  өнер қайраткерлерінің кәсібилігін арттыруға  және тәжірибе алмасуға бағытталған  Республикалық Практикумның еліміздің түкпір-түкпірінен режиссерлер мен актерлер қатысып жатыр.

Практикумның басты қонақтары – Шота Руставели атындағы Тбилиси мемлекеттік  театр және кино университетінің ректоры, А.С.Грибоедов атындағы орыс драма театрының бас режиссері, профессор Маргвелашвили Георгий Нодарович пен Халықаралық  театр фестивалінің «Үздік сценография» номинациясының жеңімпазы, Әлемдік Прага Квадриеннале лауреаты Тамара Окихян.

Аталмыш Практикумға қатысушылар А.Чеховтың «Апалы сіңілілі үшеу» пьесасы негізінде үзінділер көрсетіп, практикалық жұмыс істейді. Шара соңында Практикум қатысушыларына арнайы сертификат табысталады.     

Айта кетейік, еліміздің театр өнері қайраткерлерінің және шетел шеберлерінің қатысуымен өтетін Республикалық Практикум 1 қазанға дейін жалғасады.