Әлемдік сауда жай-күйі Астанада талқыланады

Астанада Ұлттық экономика министрлігінің Дүниежүзілік сау­да ұйымындағы (ДСҰ) Инвестицияларды қолдау бойынша Достар тобымен бірлесіп ұйымдастырған «Сауда-саттықты және инвестицияларды қолдау: Еуразиялық көзқарас» жоғары деңгейлі форумы болып өтті.

Егемен Қазақстан
01.10.2018 2091
2

Форумға Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, ДСҰ бас директоры Роберту Азеведу қатысып сөз сөйледі. Бұл басқосуға  ДСҰ-ға мүше 40 елдің (ТМД, Азия, Шығыс Еуропа және Таяу Шығыс елдері)  және ұйым­ға бақылаушы елдердің министр­лері мен делегация басшыларынан тұратын әлемдік деңгейдегі сарапшылар қатысты. Мұның алдында Астанада Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі жетінші дөңгелек үстел өткен болатын.

Премьер-Министр Бақыт­жан Сағынтаев форумның ашы­лу рә­сі­міндегі сөзінде ДСҰ Ха­т­­шы­лығы мен инвес­тиция­­лар­ды қолдау бойынша Дос­тар тобына мүше елдерге осы маңызды іс-шараны бір­­лесіп ұйымдастырғандары үшін риза­шылығын білдірді. Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік сауда ұйымының инвестицияларды қолдау саласындағы жаңа бас­тамасын толық қолдай­тын­дығын жеткізді. Еліміздің ин­вес­тициялық ахуалды жақ­сар­т­уға басымдық беріп отырған­дығын айтып берді. «Соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстан экономикасының түрлі секторларына 250 млрд долларға жуық тікелей шетелдік инвес­тициялар тартылды. Тек 2017 жыл ішінде елімізге келген тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 21 млрд долларды құраса, мұның төрттен бір бөлігі өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тиді. Жалпы, шикізаттық емес сек­торларға барлық шетелдік инвес­тициялардың 50%-ке жуы­ғы бағытталды. Биыл да бұл оң серпін сақталып қалып отыр. 2018 жылдың жарты жылы ішінде ірі инвесторлармен 69 жаңа жобаны іске асыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді, оның ішінде Қытай, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания және ЕО елдерінен 10 трансұлттық компания бар», деді Қазақстан Үкіметінің басшысы.

Премьер-Министрдің ай­туын­­ша, Қазақстан экономи­ка­сы­ның шикізаттық емес секторында қазірдің өзінде Toyota, Heidelberg, General Electric, Danone, Alstom тәрізді 30-ға жуық трансұлттық корпора­ция жұмыс істейді. Орталық Азия елдеріне келген инвестиция­лардың 70%-тен астамы нақ осы Қазақстанның үлесіне тиесілі.

«Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында біздің мемлекет жүйелі реформалар жүр­гізуде. Инвесторлармен ашық диалог және өзара іс-қи­мыл орнатылған, сонымен қатар инвестициялар тарту үшін инфрақұрылым жетіл­дірі­л­у­де. Тек бір мысал келті­рейін. Соңғы төрт жыл ішінде салық және кеден саласы, кәсіп­кер­лікті мемлекеттік қолдау тәрізді және тағы да басқа ба­ғыт­­тарда барлығы 52 ре­фор­­ма жүргізілген. Ола­рдың қатарында бизнесті реттеусіз­дендіру және оған әкімшілік қысымдарды шектеу жөнінде жүргізілген реформалар бар» деген Б.Сағынтаев Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назар­баевтың үстіміздегі жылдың 24 мамыр күні бизнес-ахуалды жақсарту жөніндегі заңдар топ­тамасына қол қойғандығын, ол 14 кодекс пен 109 заңға мың­нан астам түзету енгізуді қарас­тыратындығын атап көр­сетті. Сөйтіп мемлекеттік ор­ган­­­дар тарапынан болатын бақы­лау-қадағалау функциялары 30%-ке, ал рұқсат беруде қойы­латын талаптарының саны 56%-ке қысқарды. Тексе­ру­­ші органдардың мыңға жуық штаттық бірлігі таратылды. Озық халықаралық стан­дарт­тарға сай келетін жаңа салық және кедендік режім­дер енгізілді. Салық кодек­сінде са­лық жүктемесі оңтай­лан­­ды­рыл­ды, жеңілдіктер пысықталды. 

Жаңа кеден кодексі рәсім­дерінің ашықтығын қамтамасыз етеді және тауарларды автоматты түрде өткізуге мүмкіндік беретін электронды декларация­лауды енгізеді.

Мемлекет-жекеменшік әріп­­тес­­тігі саласында жобалар­ды жос­парлау рәсімдері жеңіл­детілген және ниет білдірген барлық ин­вес­торлар үшін табысты іске асы­рылған МЖӘ жобаларының бірыңғай базасы қолжетімді болды.

Көші-қон және еңбек заң­намасы жақсартылды, шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімдері жеңілдетілді.

Осылайша қазіргі кезде еліміздегі жалпы инвестиция­лық және іскерлік ахуал инс­ти­­туционалдық тұрғыда нығай­тылды. Ин­вестор­лар пайда­лана алатын жаңа мүм­кіндіктер мен артықшылықтар заңнамалық тұрғыдан бекітілді.

Қазақстанның экономикалық интеграциясының арқасында, инвесторлар ірі өткізу нарық­тарына шығуда басымдықтарға ие болды.

«Қазақстан – Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мүшесі. ЕАЭО-ның артықшы­лығы, ол көлемі $4 трлн жуық, 180 миллионнан астам адамды қамтитын кедендік шекарасыз бірыңғай нарық болып табылады. Ресей, Қытай және Орта Азия елдерімен көршілес болуының, ұтымды географиялық орналасуының арқасында, Қазақстан жалпы көлемі 1,6 млрд астам адамды қамтитын, күннен-күнге өсіп жатқан нарыққа шығуға мүм­кіндік беретін қолайлы орталық алаңға айналып отыр», деді Қазақстан Үкіметінің басшысы.

Дүниежүзілік сауда ұйымы мен ЕАЭО аясында Қазақстан лицензиялық рәсімдеудің және қызмет көрсету секторындағы талаптардың ашықтығын қам­тамасыз ету бойынша мін­дет­темелер қабылдаған болатын. Қазіргі күні еліміздің ішкі жалпы өнімінің жартысынан астамын нақ осы қызмет көр­сету саласы қамтиды. Бұл ретте Дүниежүзілік сауда ұйы­мы аясында Қазақстан шетел­дік компанияларға қызмет көр­сету саласы нарығына кіруде кем­сіт­пейтін жағдайлар туды­руға кепілдік беріп қана қой­май, сонымен қатар шетел ин­вес­тор­ларының көлік, құрылыс, сау­да, энергетика секторы сынды ба­р­лық маңызды салаларға келуі­не қолайлы жағдай жасап отыр.   

Бақытжан Сағынтаев Қазақ­стан Үкіметінің көпжақты дең­гейде, атап айтқанда, ДСҰ ала­ңын­да инвестицияларды қол­дау мәселелері бойынша пікір­­таластарды одан әрі жал­ғас­тыруды маңызды деп са­най­тындығын атап өтті. Сөзінің соңында ДСҰ-ға мүше барлық мемлекеттерге және Азеведу мырзаға Қазақстанға деген зор сенімі және 2020 жылдың маусым айында Астанада ДСҰ-ның XII Министрлер конференциясын өткізуге Қазақ­станның берген өтініміне қол­дау білдіргені үшін алғыс айт­ты. Еліміздің Министрлер кон­­ференцияның нәтижелерін қамтамасыз ету мақсатын­да ДСҰ-ның күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тал­қы­лауларға сындарлы үлесін қосуға әзір екендігін мәлімдеді.

Мұнан кейін сөз алған Дү­ние­жүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведу Қазақстанның инвестициялық климатын жоғары бағалай­тын­дығын жеткізді. «Инвестиция мен сауданың ашықтығы сая­сатын қабылдау арқылы Қазақ­стан және басқа да еуразия­лық экономика соңғы 20 жыл­да үлкен табысқа қол жеткіз­ді. Инфляция төмендеп, айтар­лық­­тай экономикалық өсім бай­қалды, кедейшілік азайды. Көпжақты сауда жүйесі осы­ның бәріне жағымды әсер еткені түсінікті. Сондықтан Қазақ­станның жылдан-жылға қанатын кеңге жайған осынау әлемдік үдеріске қолдау білдіруі біз үшін маңызды», деді Роберту Азеведу.

ДСҰ бас директоры сауда­ның жаһандық өсімі болжамын қайта қарағандарын хабарлады.

«ДСҰ жаһандық сауда өсімі болжамын қайта қарады. 3,9% өсім болады деп болжап отырмыз. Мұны жақсы өсім деп санаймыз. Жаһандық сауда соғысын қоса алғанда, бірқатар жағдайды болжап көрдік. Егер барлық мемлекеттер әріптес­тіктің дұрыс өрбімеуінен өз тар­иф­терін орнататын болса, бұл жаһандық сауда нарығын 17%-ке, ал ІЖӨ өсімін 7,5%-ке қысқартуы мүмкін» деп хабар­ла­ған Р.Азеведу осыған орай жағ­дайд­ы жақсартуға бірлесіп күш жұмсау қажеттігін атап өтті.

Оның айтуынша, жоғары­дағыдай келеңсіз жағдайларға байланысты 2017 жылы шетел­дік инвестициялар ағынының жалпы көлемі 20% қысқарған.

«2018 жылға болжамымыз бұдан анағұрлым жақсырақ. Әйтсе де, экономика мен сауда өсімі әлі анықталмай отыр. Шикізат бағасының артуынан жаһандық тікелей шетел­дік инвестициялар көбейетін шығар. Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту бо­йынша елеулі табыстарға қол жеткізді. Біз ДСҰ мүшелері ретінде не істей аламыз? Мұнда жаһандық деңгейде жәрдем­десу маңызды рөл атқарады. ДСҰ-ның кейбір мүшелері ұйымның инвестицияларға қайда және қалай жәрдемдесе алатыны туралы құрылымдық талқылаулар өткізуде. Мұндай талқылаулар халықаралық сауда жүйесі мен бизнестегілер­дің, кәсіпкерлердің алдында­ғы сын-тегеуріндерді болжауға көмектеседі», деп мәлімдеді Роберту Азеведу.

Форумның ашылу рәсімінен кейін оның жұмысы төрт тақы­рыптық секциялар бойынша жалғасты. Сессияларда талқы­ланған мәселелер мен тақы­рып­тарға байланысты жан-жақты әрі сындарлы пікір алмасулар өтті. Шара қорытындысы бо­йынша «Астана мәлімдемесі» қаралып, қабылданады.

Форум ДСҰ мүшелерін Қазақ­станның инвестициялар тарту саласындағы табысты тәжірибесімен және инвести­циялық мүмкіндіктерімен таныстыру бағытында өтті. Осы тұрғыдан алғанда ол еліміздегі инвес­тициялық қызметті ке­ңей­туге жол ашып, ДСҰ-ға мүше мем­л­е­кеттердің көпжақты қарым-қатынасын одан әрі дамы­туға жаңа серпін беруі мүмкін.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу