Қазақстан • 01 Қазан, 2018

Astana Digital Forum: жаңа технологияларды қолдану мәселелері

657 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордада өткен медиа апталықтың соңғы күні цифрлы медиа саласына арналды. Осылайша «Astana Media Week-2018» апталығы отандық баспасөз өкілдерінің ақпарат таратушы үлкен үш саланы, яғни телевизия, баспасөз және диджитал мәселелерін терең қаузап, ал медианарық өкілдерін пікір-идея алмасу алаңымен қамтамасыз етті.

Astana Digital Forum: жаңа технологияларды қолдану мәселелері

Шараны Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мау­­берлинова ашты. «Форум бағдар­ламасынан осы са­ланың беделді сарап­шыларының есімдерін кө­ру көңілге сенім мен қуа­ныш ұялатады. Ал олар кө­тер­ген тақырып ауқымы отандық медиасектордың даму келешегі туралы көп ақпарат алуға  мүмкіндік береді.  Менің ойымша, заманауи масс-медиа дәстүрлі БАҚ пен жаңа БАҚ-тың басын біріктіре отырып, нақты ақпаратты тұтынушыға жедел жеткізуі тиіс. Сонымен бірге аудиториямен кері байланыс­ты дамытып, байланыстың ерекше алаңына айналуы керек. Форум қатысушылары осы тақырыпты тереңірек талқылайды деген ойдамын. Қазіргі таңда біздің медианарықтың белсенді қатысушылары жаңа цифр­лы трендтерді өте жақсы меңгерген, тіпті оларды қа­лыптастыруға, отандық нарық­қа бейімдеуге атсалысуда. Біз осы орай­да оларды тек қуаттап, қолдау көр­се­те­міз», деді өз сөзінде вице-министр.

Рас, адамзат баласы цифр­­лы төңкеріс ғасырында өмір сүріп жатыр. Әр адам күн­делікті өмірін  digital-технологиясыз (интернет, түрлі гаджеттер мен қызмет көрсетулер) елестете алмайды. Олардың күн санап дамуы бізді, қоршаған әлемді де тезірек өзгеріске түсуге мәжбүр етуде. Осындай қыс­­қа мерзімде жедел даму кезе­ңінде қоғам да, әлеумет те ескі жолмен жүрмейтіні ақиқат. Өзі өзгеріске түс­пе­се, бәсекелестерінің ша­ңын­­да қалып, тіпті дамуы тоқы­рауға ұшырауы мүмкін. Сол себепті медиа нарық та, бизнес-компаниялар да диджиталдану процесіне неғұрлым тезірек өтуі керек. Яғни, диджиталдандыру дегеніміз – бизнесті терең трансформациялау, бизнес-процестерді оңтайландыру  үшін, компанияның еңбек өнімділігін арттыру және тұтынушылармен қарым-қатынасты жақсарту мақса­тында цифрлық технологияны қолдану.  Міне, форум спикерлері, диджитал-маман­дар, журналистер осы цифрлы технологияны масс-­медиа саласында барын­­ша арттыру, БАҚ саласын диджиталдандыру, әлемдік трендтерден қалыс қалмау, іскерлік ортаның мүмкіндіктері мен қатерлері тақырыбы тұрғысында ой өрбітті.

Мәселен, «Select Communication Group» СЕО маманы Виктор Елисеев «Масс-медиада жеке әрекет ету. Цифрлы БАҚ кезеңіндегі конвергентті журналистика» төңірегінде әңгіме өрбітсе, «Сергек» жобасының авторы Әсет Ахметов, «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев және басқалар «Digital Kazakhstan: цифрлы экономикадағы өз орныңды қалай табуға болады?» тақырыбында өз идеяларымен, қазіргі нәтижесімен бөлісті.

Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан»