Әлем • 01 Қазан, 2018

Индонезиядағы жер сілкінісі кезінде әуежай қызметкері лайнерді құтқару үшін өз өмірін қиды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жас әуе диспетчері Сулавеси аралында орын алған жер сілкінісіне қарамастан, жүздеген жолаушысы бар ұшақтың ұшып кетуін қадағалап  қалып, жұмыс орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Daily Mail. 

Индонезиядағы жер сілкінісі кезінде әуежай қызметкері лайнерді құтқару үшін өз өмірін қиды

Антониус Гунаван Агунг Mutiara SIS Al-Jufrie әуежайының 21 жасар қызметкері. 28 қыркүйекте магнитудасы 6,1 болған алғашқы жерасты дүмпулері басталғанда бортында жүздеген жолаушысы бар Batik Air әуе компаниясының рейсі әуеге көтерілгенге дейін командалық-диспетчерлік мұнарасында қалған.
Ұшақтың аман-есен жерден көтерілгеніне көз жеткізген  жас жігіт түспек болған кезде мұнара қирай бастайды. Сол сәтте жерасты дүмпуі 7,4 магнитудаға жеткен еді. Ол төртінші қабаттан секіріп, көптеген жарақат алады. Таяу маңдағы ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Бірақ, Антониус оны заманауи жабдықталған медициналық мекемеге жеткізетін тікұшақ келгенге дейін көз жұмды.

AirNav Indonesia компаниясының баспасөз хатшысы Йоханнес Сирайт Агунг «өз өмірін қиып, ондаған адамның өмірін құтқарды. Ол - біздің батырымыз», деді өз мәлімдемесінде.