Саясат • 02 Қазан, 2018

Дүниежүзілік сауда ұйымы сауда қарқынының болжамын төмендетті

695 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік сауда қарқыны бәсеңдеп барады. Дүниежүзілік сауда ұйымы келер жылдың сауда болжамын төмендетті, деп хабарлайды Euronews.

Дүниежүзілік сауда ұйымы сауда қарқынының болжамын төмендетті

Сараптама нәтижесі бойынша, биылғы сауда қарқыны 4,4% орнына 3,9%, ал келесі жылы 4% орнына 3,7% болады деп күтілуде. Естеріңізге салсақ, былтырғы жылғы өсім 4,7% болатын.

ДСҰ айтуынша, мұндай болжам жасаудың себебі халықаралық сауда қиыншылықтары. Бұл ең алдымен АҚШ-тың протекционистік саясатымен байланысты. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысының салдары әзірге біліне қоймаған.

Сонымен қатар, монетарлы саясаттың қатал негіз алуы да ДСҰ-ның назарында.

Осы жылдың басынан АҚШ-тың федералды қоры есептік мөлшерлемесін үш рет көтерген болатын. Соңғы қымбаттау сәрсенбі күні тіркелген. Бақылаушылар федералды қор жүйесі бұл саясатын келесі жылы да жалғастыратынына сенімді.