Футбол • 02 Қазан, 2018

Гандболдан Алматыда Азия чемпионаты басталады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде қол добынан әйелдер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты басталады. 

Гандболдан Алматыда Азия чемпионаты басталады

Айтулы жарыста Қазақстан, Үндістан, Иран және Өзбекстаннан келген алты команда өнер көрсетеді. Солардың үшеуі біздің елдің гандболшылары. Олар – Қызылорданың «Қайсары» және «Алматы» мен «Астана» клубтары. Жерлестеріміздің барлығы да өздерінің тұсаукесер кездесулерін бүгін өткізеді. Сыр бойынан келген сұлулар Иранның «Лорестанымен» шеберлік байқасса, астаналық арулар Өзбекстанның АГМК-сымен күш сынасады. Ал «Алматы» Үндістанның «Т. Спортсына» қарсы ойнайды.

Бұл бәсекелер 9 қазанда өз мәресіне жетеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ