Аймақтар • 02 Қазан, 2018

Солтүстік Қазақстанда 283 кило есірткі заттары тәркіленді

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасын атқару барысында  көптеген құқық бұзушылықтар анықталып, заңсыз айналымнан есірткі заттары алынды.

Солтүстік Қазақстанда 283 кило есірткі  заттары тәркіленді

Жедел операцияға учаскелік инспекторлар, басқа да күштік құрылымдар жұмылдырылып, жастар көп жиналатын қоғамдық, сауық-сайран орындарына рейдтер ұйымдастырылды.

Нәтижесінде 13 есірткі тұтыну оқиғасы тіркелді. Оның ішінде аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтау фактісі анықталды. Аудан тұрғындарының бірінен 1,5 кг. марихуана алынды. Ол бұл әрекеті үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 шы-бабы бойынша жауапқа тартылады. Кылмысы дәлелденсе, 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Сондай-ақ, ірі көлемде есірткі сату фактісі анықталды.

«Бұдан бөлек, жедел-профилактикалық іс-шара аясында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтау бойынша да жұмыстар жүргізілді», дейді есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жандос Басыбаев.

«Допинг» операциясы барысында 283 кило марихуана тәркіледі.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы