Футбол • 02 Қазан, 2018

Стоилов тізімді бекітті

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов қазан айында өтетін УЕФА Ұлттар Лигасының матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Стоилов тізімді бекітті

Тізімге 24 футболшы енді:

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (барлығы - «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский, Нұралы Әліп (барлығы - «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Магамед Парагульгов, Георгий Жуков (барлығы - «Қайрат»), Бактиер Зайнутдинов, Серікжан Мужиков (екеуі де - «Астана»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Максим Федин («Тобыл»);

Шабуылшылар: Алексей Щеткин, Роман Муртазаев (екеуі де - «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей).   

 

Резерв:

Қорғаушы - Александр Соколенко («Қайрат»)

Құраманың тізімінде өзгерістер болуы мүмкін.

Қазақстан Ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасы аясында 13 қазан күні Ригада Латвиямен кездеседі, ал 16 қазан күні  «Астана Арена» стадионында Андорраны қабылдайды. Қазақстан - Андорра матчы елорда уақытымен 20:00-де басталады. Билеттерді www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.