Қазақстан • 02 Қазан, 2018

Елдос Ермаханов алтын медаль жеңіп алды

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірлігінде Дубайда классикалық жəне экипировкалық жатып сығымдаудан өткен Азия чемпионатында қызылордалық спортшы Елдос Ермаханов ерлер арасында 66 келі салмақта екі алтын медальді жеңіп алды.

Елдос Ермаханов алтын медаль жеңіп алды

Ол экипировкалық түрінен 240 келі, классикалық түрінен 165 келіні көтеріп, 2 дүркін Азия чемпионы атанды. Елдос биылғы жылы Əлем чемпионатының 2 мəрте қола жүлделерін иеленген болатын.

Жасөспірімдер арасында Қуанышбай Төлегенов 74 келіде экипировкалық жатып сығымдаудан 1-орынды жеңіп алды.

Жүлдегерлерді жарысқа Роман Ковалев пен Файзулла Ыдырысов дайындады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы