Қазақстан • 02 Қазан, 2018

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталының «Жүргізуші куәлігін алу»  қызметінің жеңілдетілгені туралы хабарлайды. Бұл қызмет банкте алдын-ала төленген чектерді eGov.kz  порталында іздеу тарапынан модификацияланды.

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

Бұдан былай азаматтар жургізуші куәлігін алуға онлайн өтінім жіберу кезінде екінші деңгейлі банкте алдын-ала төленген чек туралы ақпаратты eGov.kz порталына енгізе алады.

Ол үшін «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметке тапсырыс берген кезде төлем қадамында «бұрын төленді» деген белгі қойып, чек бойынша мына деректерді енгізу қажет: салық органы, банктің БСК, төлем күні, КБК, ТТК және төлем сомасы. Содан кейін табылған чекті таңдап және ЭЦҚ арқылы сұрау салуға қол қою қажет.

Бұрын бұл қызметті онлайн алу кезінде тек өтінімге онлайн өтінім жіберген кезде ғана төлеу мүмкіндігі болған еді.

Енді аталған қызмет «электронды үкіметтің төлем шлюзінде» модификацияланды.

Мемлекеттік қызметтің паспортына сәйкес, жүргізуші күәлігін алуға жіберілген өтінім 60 минут ішінде өңделеді.

Аталған қызметтің қорытындысы пайдаланушының eGov.kz порталындағы жеке кабинетіне хабарлама ретінде келеді.

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру көрсетілетін қызметі ағымдағы жылғы наурызда іске асырылған болатын. Қызметті алу үшін egov.kz өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қою керектігін еске сала кетейік. Өтінімге фотосурет және қолтаңбаның сканерленген бейнесін қоса тіркеу керек. Бұдан әрі жеке кабинетке келетін хабарлама мен төленген чекті қағазға басып шығарып, дайын болған жүргізуші куәлігін алу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-да апару қажет.