Әлем • 02 Қазан, 2018

Тайландта су басқынынан 85 адам үйсіз қалды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың оңтүстігіндегі Сураттхани ауданындағы су басқынынан бір адам қаза тауып, 85 адам жарақат алған, деп хабарлайды Тайландтың The Nation газеті.

Тайландта су басқынынан 85 адам үйсіз қалды

Жеті сағатқа созылған жаңбыр нәтижесінде Тайландтың үш ауылының тұрғындары баспанасыз қалған. 55 жасар ауыл тұрғыны су басқан үйінен шықпақ болғанында топан судың ағысы алып кетіп, мерт болған. Қаза болғанның денесі үйінен 200 метр жерде табылған. Қалған тұрғындар үйлеріне су кірмес бұрын шығып үлгерген.

Тайландта су басқыны мезгіл сайын болып тұрады. Бұған аймақтағы тропикалық және субтропикалық климат себеп. Жаңбырлы маусым жаздың алғашқы айында басталып, қазан айынын соңына дейін жалғасады. Соңғы апталарда су басқыны Тайландтың көптеген аймақтарында тіркелген. Паттайя мен Пхукет сиякты туристік аймақтар да бұл тізімде. Алайда, үлкен қаладағы су тарту жүйесі мен арықтар көмегімен қалалардағы су көлемі ұлғаймайды.