Үкімет • 03 Қазан, 2018

Б.Сағынтаев «Роял Датч Шелл» концерні бөлімшесінің директорымен кездесті

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақытжан Сағынтаев барлау және өндіру бөлімшесінің директоры Энди Браун бастаған «Роял Датч Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Б.Сағынтаев «Роял Датч Шелл» концерні бөлімшесінің директорымен кездесті

Кездесу барысында Қазақстандағы «Шелл» компаниясы қызметінің кейбір мәселелері, соның ішінде Қарашығанақ және Солтүстік Каспий кен орындарын игеру жөніндегі жобаларды іске асыру аясындағы мәселелері талқыланды.

Қазақстанда «Шелл» ағылшын-голландтық энергетика концерні төрт жобаға қатысады: Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім, Қарашығанақ кен орнының өнімдерін бөлу туралы түпкілікті келісім, «Жемчужина» лицензиялық учаскесін дамыту бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім және Каспий құбыр консорциумы.

Компания түрлі бизнес-сегменттерде, соның ішінде геологиялық барлау, мұнай мен газ өндіру, көмірсутектерді тасымалдау мен мұнай өнімдерін өткізу саласында қызмет атқарады.