Білім • 03 Қазан, 2018

«ММ publication» – инновациялық технологиялар тетігі

575 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында өскелең ұрпаққа ағылшын тілін үйренудің маңыздылығын атап отырады. Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы физио­логиялық құбылыс, ал заманауи технологиялардың қоға­мымыздың түрлі салаларында орын алуы бүгінгінің бас­ты талабы. Бүгінде елімізде білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарастар негізінде инновациялық оқыту технология­лары өмірге келді. Соның бірі «ММ publications» баспасы ұсынатын оқулықтар.

«ММ publication» – инновациялық технологиялар тетігі

Аталған баспа ұлттың эт­ни­калық сипаттамаларын ес­кере отырып, ағылшын тіл­і­нің заман талабына сай ком­му­никативті, интерактивті және инновациялық бағытта ағыл­­шын тілінде оқулықтар шығаруды көздейді. 

«Инновация» термині ағыл­шын тілінің «Іnnovation» деген сөзінен шыққан, яғни «жа­ңа­лықты енгізу» ұғымын білдіреді. XIX ғасырда мәде­ниет­танушылардың зерттеуінен пайда болған, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді.

Қазіргі таңда жаңа педагоги­калық технологиялар түрі өте көп. Оны шет тілі сабағында тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қоғам талабына сай шет тілдерін оқы­туда қойылып отырған ортақ міндет – коммуникативті бағытта оқыту. Мақсат – оқу­шылардың өз ойларын жет­кізумен шектеліп қана қоймай, оларды өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе сыныптас оқу­шының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай бі­лу, интерактивті жұмыс жүргі­зуге баулу.

«Interactive» ағылшын тілі­нен аударғанда «ортақ бел­сен­ділік» деген мағынаны біл­діреді. Инновациялық оқыту тех­нологияларының білім беру жүйесін дамыту ісіне берері мол. Оны қолдану оқушының өз­дігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады, сондай-ақ оқу үдерісін жүргізуді қызықты етеді. 

«ММ publications» баспасы осы мәселелерде оңтайлы жол­ ұсынады деуімізге болады. Баспа өнімінің оқу­лықтары мазмұны жағынан оқу­шылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілетін дамытуға, бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыруға, сабақты интерактивті түрде өткі­зуіне мүмкіндіктер туғы­зады. Мысалға «Full Blast» оқу­лықтары орта мектеп оқу­шыларының ХХІ ғасыр құзы­реттерін дамытуға, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра бі­луіне, сондай-ақ өз әрекетінің нәтижелерін бағалап үйренуіне бағытталған. Кітапта қазақ хал­қының және басқа да елдер­дің мәдениеті мен ұлттық дәс­түрлері, қалалары мен әдебиеті туралы тақырыптар назардан тыс қалмайды. Мәдениет тө­ңі­регіндегі тақырыптар оқу­шы­лардың ағылшын тілін үйрене отырып ұлттық са­на-­сезімін жоғалтпауға көмек­теседі. Ал қызықты үй тапсырмалары оқушының өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырып, оқу үдерісін жүргізуді жандандырады. «ММ publications» бас­пасы сонымен қатар балаларға және ересектерге арналған оқу курстарын, грамматикалық және лексикалық құжаттарды, мате­риалдарды дайындаумен бірге басқа да көптеген материалды ұсынады. 

Айта кетерлік жайт, «MM publications» баспасы Еуро­паның, Африканың, Аме­ри­каның, Аустралияның және Азия­ның көптеген елдерінде жұмыс істейді. Кітаптарды да­йын­дау барысында баспа ха­лықаралық стандартқа сай жетіл­дірілген әдістемелерді және АҚШ, Канада, Грекия ғалым­дарының іс-тәжірибелерін пай­даланады.
 
Ақмарал ШАЛҒЫНБАЕВА,

тәлімгер