Медицина • 03 Қазан, 2018

Атырауда жедел жәрдем қызметінің жаңа бекеті пайдалануға берілді

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырауда жедел жәрдем қызметінің жаңа бекеті пайдалануға берілді

Қазан айының алғашқы сенбісінде Атырауда қала күні тойланады. Биыл да мерекеге орай ұйымдастырылатын шаралардың жоспары жасалды. Қала күні қарсаңында әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Солардың бірі жедел жәрдем қызметінің жаңа бекеті. «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан нысан 75 мың адамды қабылдауға арналған. Шақыртуларға сегіз жедел жәрдем бригадасы шығады. Қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталған бекетте алғашқы көмек көрсетуден тәжірибелік тренингтер өтетін оқу-жаттығу бөлмесі де бар.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қа­тысты. «Жақында «Нұрсая» шағын ауданын­да мемлекет-жеке­мен­­шік әріп­тестігі аясында 12 мың тұрғынға қызмет көрсе­тетін жаңа емхана салынады. Облыс орталығында тағы да бір жедел жәрдем бекеті, үш қосалқы бекет ашылады, – дей­ді Мәншүк Аймұрзиева.
Биыл аудандарда қосымша тоғыз бекет ашу көзделуде. Жал­пы, елді мекендерді жедел жәрдеммен қамту көрсет­кіші – 91,4%. Өткен жылы ав­томаттандырылған дис­пет­чер­лік ақпараттық қызмет кешені жаңартылды. 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ