Астанада бразилиялық джиу-джитсуден ашық республикалық турнир өтеді

Елорданың 20 жылдығына орай Астанада Қазақстанның және шет мемлекеттердің спортшылары джиу-джитсуден «бразил систем» бөлімінен ашық республикалық турнирде Елорда кубогын сарапқа салады. Дүбірлі дода 5-7 қазанда «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Егемен Қазақстан
03.10.2018 4717
2

Аталған ауқымды шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Джиу-джитсу қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Шараның мақсаты – адамдарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға тарту, сондай-ақ елімізде джиу-джитсуді және оның бағыттарын кеңінен дәріптеу, дамыту.

Республикалық турнирге Азия құрлығы мен аралдардың, басқа да мемлекеттердің, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының командалары қатысады. Жарысқа ақ, көк, қызылкүрең, қоңыр, қара белбеулерге бөлінген 6-45 жастағы спортшылар жіберіледі.

5 қазанда спортшылардың келуі және оларды орналастыру, сондай-ақ 6-15 жастағы жасөспірімдердің салмағын өлшеу жоспарланған. Ал жекпе-жектер 6 және 7 қазанда «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын Кубокты тамашалауға шақырамыз. Жарысқа кіру – тегін.

6 қазанда сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін балалар арасындағы жарыс өтеді. Осы күні сағат 14:00-де джиу-джитсуден Астана кубогының ашылу салтанаты ұйымдастырылады. Бұдан басқа, сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін «Astana Jiu-Jitsu Cup 2018» аясында «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінде бразилиялық джиу-джитсуден Әлем чемпионы Алана Финфоу және джиу-джитсуден басқа да әлемдік жұлдыздардың қатысуымен семинар өтеді.

Жексенбі күні, 7 қазанда «Дәулет» спорт кешеніндегі жарыс 10:00-де басталады. Жеңімпаздар арасындағы титул үшін абсолютті жекпе-жектер сағат 19:00 белгіленген. Astana Jiu-Jitsu Cup кубогы қазақстандық спортшы Дархан Нортаев пен бразилиялық Артур Ланестің, сондай-ақ Нұржан Сейдуали мен Лукас Пинхейроның арасындағы Чемпиондық белбеу үшін күреспен аяқталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 15 000 АҚШ доллары.
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.12.2018

Менің атым – Қазақстан!

19.12.2018

Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті

19.12.2018

Таң бозында туған жұлдыз

19.12.2018

Ынтымақтастық деңгейі жоғары

19.12.2018

TWESCO салтанатты қабылдау өткізді

19.12.2018

Сайлау: жаңа формат

19.12.2018

Ономастикадағы оң өзгерістер жалғасады

19.12.2018

Нұротандықтар мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды

19.12.2018

Еңбектері еленді

19.12.2018

Қазақстан жетістіктері – Тәуелсіздіктің арқасы

19.12.2018

Ұлттық мәселелер талқыланатын жаңа алаң

19.12.2018

Ел дамуына қосқан үлестері үшін марапат

19.12.2018

Мемлекеттік наградаларды табыс етті

19.12.2018

Мерекеге орай құттықтаулар

19.12.2018

Мемлекеттік наградалармен марапатталды

19.12.2018

Мәртебеміз – биік, тұғырымыз − берік

18.12.2018

Алматыда «Сиқырлы әуендер» киноконцерті өтті

18.12.2018

Ақтөбе облысында алпыс отбасы қоныс тойын тойлады

18.12.2018

Қарағандының 2018 жылғы аруы белгілі болды

18.12.2018

Қарағанды облысында спорт кешені пайдалануға берілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу