Аймақтар • 03 Қазан, 2018

Қазақстанда өкпе құрты ауруының өлім-жітімі 6 есеге азайды

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық  фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов бірқатар көрсеткіштерді мәлімдеді.

Қазақстанда өкпе құрты ауруының өлім-жітімі 6 есеге азайды

Қазақстан 2017 жылы 2017-2018 жылдарға арналған «Туберкулездің таралуы» («Tuberculosis incidence») факторы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумының Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес, 2016 жылға қарағанда 2 позицияға жақсарып, 138 елдің ішінен 90-шы орынға көтерілген.

Қазір елімізде туберкулезге қарсы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы 10 жылда өкпе ауруына шалдығу 2,4 есеге төмендеген. 2017 жылы 100 мың адамға шаққанда 52,2 науқастан келсе, 2007 жылы 100 мың адамға шаққанда 126,4 адам болатын. Осы аралықта өлім-жітім көрсеткіші 6 есеге төмендеп, 100 мың адамға шаққанда 3,0-ке жетті.

Дер кезінде анықталған жағдайда туберкулезді толық емдеуге болады. Қазір Қазақстанда Интеграцияланған бақылау стратегиясы жүзеге асырылуда.  Яғни туберкулез микобактериясын шығармайтын және басқа адамдарға қауіп төндірмейтін науқастар тұрғылықты жері бойынша емханаларда амбулаториялық негізде емделе алады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша амбулаториялық емдеуді бастаған туберкулезбен ауыратындардың үлесі 25,1 пайызға артып, 40,3 пайызды құрады. Амбулаторлық емделушілерге психологиялық-әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ