Аймақтар • 04 Қазан, 2018

Атыраулық мұғалімдер марапатталды

425 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Атырауда білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде жүздеген мұғалім жиналды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраулық мұғалімдер марапатталды

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев білім беру саласының қызметкерлерін құттықтап, олардың жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестерін және үлкен құрметке лайықты еңбектерін атап өтті.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөйлеген сөзінде барлық аспектілерде, оның ішінде білім беруде адами капиталдың сапасын арттыру жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін айтқан еді. Сіздің мойныңызда ауыр жүк жатыр - бұл өз оқушыларыңызға жеткізу міндеттелген білім байлығы. Жыл сайын сіздің жұмысыңыз өте күрделене түсуде, уақыт үнемі жетілдіруді, жаңа технологияларды меңгеруді және  біліміңізді оқушыларыңызға жеткізу дағдысын талап етеді», - деді Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысы бүгінгі күні өңірде білім беру секторының материалдық-техникалық және әдістемелік базасын жетілдіру, білікті педагогикалық кадрларды тартуға, сақтауға және қолдауға бағытталған үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Бүгінгі таңда облыстың білім беру желісіне 194 мектеп, 328 мектепке дейінгі мекеме, 3 жоғары оқу орны, 24 колледж кіреді, онда 123 мыңнан астам адам білім алып, 15 мыңнан астам педагог қызметкерлер жұмыс істейді.

- Сіз қиын, бірақ лайықты және мәртебелі жұмыс таңдадыңыз. Осы еңбектің арқасында жүз мыңдаған жасөспірім білім алады. Олардың көпшілігі халықаралық және республикалық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. Бұл сіздің жұмысыңыздың көрсеткіші, - деді облыс басшысы. - Өз кезегінде мемлекет сапалы білім алу үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.

Облыстың педагогикалық қызметкерлерімен кездесуде педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі атап өтілді. Өткен жылы жергілікті бюджеттің қолдауымен 222 білім гранты бөлінді, оның 159-ы педагогикалық мамандықтар бойынша. 2018 жылы гранттар саны 234-ке дейін өсті.

- Осы қарқында біз, бес-алты жылдан кейін  білікті кадрлар тапшылығы мәселесін шеше аламыз. Біз тұрақты бәсекелестік әлемінде тұрамыз. Табысты дамып, бәсекелесу үшін лайықты және білімді ұрпақты тәрбиелеу керек. Барлық кезде мұғалім өз ісіне берік болды.  Сіздерге еңбектеріңіз үшін рахмет. Сіздерге денсаулық, бақыт, білімді ұрпақ тілеймін », - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Мереке соңында облыс әкімі өз әріптестерінің, оқушылары мен ата-аналарының алғысы мен құрметіне ие болған мұғалімдерге «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрметті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерін табыс етті.