Аймақтар • 04 Қазан, 2018

Ақтөбеде 9 қабатты үй өртенді

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖД берген мәліметтер бойынша, Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы тоғыз қабатты үйде орын алған өрт туралы хабар сағат 15.03-те түскен. Сағат 15.11-де өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетеді. Сағат 15.50-де өрт ауыздықталып, 16.05-де сөндірілді. 200 адам эвакуацияланып, үш адам құтқарылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбеде 9 қабатты үй өртенді

Өртті сөндіруге жеке құрамның 37 қызметкері мен жеті бірлік техника жұмылдырылды. Өрт болған жерде шолу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ.

Қала әкімдігі мен ТЖД бірлесе арнайы комиссия құрды. Олар өрттің шығу себебі мен келтірілген шығынды анықтайтын болады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан өрттің салдарынан зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетілмек.