Қазақстан • 05 Қазан, 2018

Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

684 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

«2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетін болады. Әрбір маманның жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабілетіне баса назар аударылмақ. Сондай-ақ Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті.