Қазақстан • 05 Қазан, 2018

Елбасы Жолдауы әрбір қазақстандық үшін тарихи құжат - Н.Нығматулин

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының Жолдауына айрықша назар аударған Н.Нығматулин биылғы Жолдау әрбір қазақстандық үшін маңыздылығы зор, тарихи құжат екенін айтты.

Елбасы Жолдауы әрбір қазақстандық үшін тарихи құжат - Н.Нығматулин

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Жолдау ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. 

«Алдағы он жылға арналған әлеуметтік, экономикалық және аймақтық даму салаларындағы іс-қимыл жоспарлары біріктірілген бұл Жолдау мақсаттар мен міндеттердің ауқымы жағынан теңдессіз стратегиялық құжат»,  деді Палата Спикері.

Сондықтан Жолдауда айтылған барлық бағдарлар депутаттық корпустың заң шығару жұмысының басым бағыты болмақ.

Сонымен қатар, Бюро отырысында Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібіне енгізілетін мәселелер қатары талқыланды.  

Күн тәртібінің жобасында салалық комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін анықтау үшін жаңа заң жобаларын жұмысқа алу көзделеді.

Олардың қатарында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы және дене шынықтыру мен спорт мәселелеріне қатысты заң жобасы бар.  

Бұдан басқа, Бюро отырысында Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Көшпелі отырысын өткізу туралы мәселе қаралды.