Парламент • 06 Қазан, 2018

Дархан Мыңбай: Бұрынғы бағдарламалар жалғасын табады

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дархан Мыңбай: Бұрынғы бағдарламалар жалғасын табады

Бүгінгі Жолдаудың мазмұны өте терең деп санаймын. Елбасы тарапынан көптеген нақты тапсырмалар жүктелді, бұрынғы мемлекеттік бағдарламалардың одан әрі жалғасын тауып, жүзеге асырыла беретіні айтылды. 

Мәселен, экологиялық мәселелерге қатысты жақсы ойлар ортаға салынды. Шындығында қазіргі таңда зиянды заттардың таралуы, топырақтың, жердің бүлінуі, ауаның ластануы сынды мәселелер Қазақстан үшін де, әлем үшін де өте өзекті. Демек, отандық және шетелдік компаниялардың экологиялық қауіпсіздікті сақтауына қатысты жауапкершілігін күшейту керек деп ойлаймын. 

Елбасы бүгін барлық салада, бар­лық жұмыста жауапкершілік жүгін арқалайтын кезең келгенін айтты. Бұл жауапкершілік баршамызға қатысты. Біз өзіміздің жұмысымызда бүгінгі Жолдауда Елбасы айтқан тапсырмаларды басшылыққа алатын боламыз. 

Дархан МЫҢБАЙ, 

Парламент Мәжілісінің депутаты