Қазақстан • 06 Қазан, 2018

Мырзатай Жолдасбеков: Алдымызда үлкен міндеттер бар

532 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы кеше өзінің жылдағы халыққа арнаған дәстүрлі Жол­дауын жариялады. Бұған де­йін­гі Жолдаулардағыдай бұл Жол­дауда да Қазақстан халқы­ның өмірін жақсартуға, тұрмысын түзеуге баса назар аударылды. 

Мырзатай Жолдасбеков: Алдымызда үлкен міндеттер бар

Нақты мәселелерге тоқталып, жауапты адамдарға тиянақты нұсқаулар берілді. Бұрынғы бел­гіленген «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Рухани жаң­ғыру» сынды сүбелі, күр­делі, үлкен жобалардың әрі қарай жү­йе­лі жалғасын тауып, сапа­лы орындалуына да министр­лер мен облыс әкімдерін жұ­мы­ла жұмыс істеуге шақыр­ды. Бұл – өте құптарлық баста­ма. Соның ішінде, әсіресе, Елбасының халықтың баспана­мен қамтылуына, ауыл­ды жер­лерді көркейтуге, ұстаздар қауы­мының кәсіби мәртебесін көте­ру мен жастарға сапалы бі­лім беру, сондай-ақ мемле­кет қаржысын ақылмен жұм­сап, үнемді пайдалануға қатысты айтқан ұсыныстары көпшіліктің көкейінде жүрген арман-мұратын бір арнада тоғыстырған көреген шешім болды деп есептеймін. 

Жолдауда айтылған мәселе­нің әрқайсысы жеке-жеке талдап, тоқталуға және сол айтылған мәселелер бойынша жүйелі жұмыстар атқаруға сұранып тұр. Одан кейін, әрине, Жолдауда Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделі туралы да өте жақсы айтылды. Қазақстанды 27 жылдың ішінде жаһан танып, әлем мойындады. Әлемдік аренада алпауыт мемлекеттермен тең дәрежеде иық тірестіріп тұрарлық беделді орынға ие болды. Жалпы, бұл Жолдауда Қазақстан халқының жанына, өміріне керек нәрселердің барлығы сөз болды деп ойлаймын. Енді баршамыздың алдымызда ел болып жұмылып, бұған дейін жасалып келген жұмысты одан әрі жалғастырып, айтылған мәселелердің бәріне жіті мән беру мен жүзеге асыру міндеті күтіп тұр. 

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, 

мемлекет қайраткері

Соңғы жаңалықтар