Өнер • 06 Қазан, 2018

Бүгін- қазақтың тұңғыш кәсіби балетмейстері Дәурен Әбіровтің туған күні

1146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1923 жылы 6 қазанда республикадағы хореография өнерінің қалыптасып даму жолына мол үлес қосқан қазақтың тұңғыш кәсіби биші-балетмейстері, Қазақстанның халық әртісі Әбіров Дәурен Тастанбайұлы дүниеге келді.

Бүгін- қазақтың тұңғыш кәсіби балетмейстері Дәурен Әбіровтің туған күні

Дәурен Тастанбайұлы Әбіров 1923 жылы 6 қазанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген, Ол қазақтың тұңғыш биші- балетмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық әртісі, Ұлы Отан соғысына қатысушысы.

Алматы хореграфиялық училищесін, 1952 жылы Мәскеудің Луначарский атындағы ГИТИС-нің балетмейстерлік бөлімін бітірген.

Дәурен Әбіров 1952 — 1977 ж. Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының балетмейстері, бас балетмейстері, 1984 — 89 ж. Жүргенов атындағы Мемлекеттік театр және кино институтының кафедра меңгерушісі, 1989 — 97 ж. хореография бөлімінің жетекшісі болды.