Бағдарламалар • 06 Қазан, 2018

«Бірлік» партиясы «7-20-25» бағдарламасына өзгеріс енгізуді ұсынды

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі болған Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында «Бірлік» партиясы «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асырудың өзге жолдарын ұсынды.

«Бірлік» партиясы «7-20-25» бағдарламасына өзгеріс енгізуді ұсынды

«Кешегі Жолдауда Мемлекет басшысы «7-20-25» бағдарламасын іске асыру жұмысы баяу атқарылып жатыр деді. Шынымен де, солай. Біздіңше, аталған проблеманың негізгі себебі - несиенің тек жаңа пәтерлерге ғана берілуі. Құрылыс компаниялары осыны біле тұра, бірден өз бағаларын 10-15 процентке көтеріп тастады. Соның салдарынан бағдарламаны іске асыру шаралары тежеліп қалды», - деді партия төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышев Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында. 

«Бірлік» партиясы «7-20-25» бағдарламасының шеңберінде бес жылдан аспаған пәтерлерге де несие беруді ұсынып отыр.

«Осы шешімнің арқасында құрылыс компаниялардың «тәбетін» тежеуге болады. Ең бастысы, xалық «7-20-25» бағдарламасымен үйді өз бағасына алады. Әрине, жергілікті атқарушы органдар алғашқы жарна жағынан көмектесетін болса, осы саладағы жұмыс жандана түседі», - деп атап көрсетті Т.Қуанышев.