Аймақтар • 07 Қазан, 2018

Қостанайда бәйге маусымы жабылды

629 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда 2018 жылдың ат спорты ойындары маусымының салтанатты жабылуы өтті.

Қостанайда бәйге маусымы жабылды

«Ең бастысы, биыл бізде ұлттық  спорт түрлерінен спорт мектебі ашылды. Биыл бірінші рет ұлттық ат спорты түрлері бөлімі жұмыс істей бастады. Арнайы аттар сатып алынды. Қазір мектепке жүз шақты жастар мен балалар барады. Келесі жылы ат спорт маусымында біздің ұлттық спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысатын жарыстар бағдарламаға енетін болады», дейді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Вильямс.

Жалпы осы жолы ат спорты ойындарына 50 ат қатысты. Аламан бәйгеге 14 тұлпар жіберілді. Солардың ішінен қарағандылық атбегі Мұрат Есмағанбетовтың тұлпары мәрені бірінші қиып, иесіне Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» машина зауытынан шыққан JAC темір тұлпарын мінгізіп қайтты.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай