Медицина • 08 Қазан, 2018

Медициналық қызметке мейлінше көңіл бөлінбек

419 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дамыған елдерде медицинаға ІЖӨ 17-18 процентіне дейін бөлінетіні белгілі.

Медициналық қызметке мейлінше көңіл бөлінбек

Мəселен, АҚШ-та сондай көрсеткіштің болуы медицинаның дамуына қомақты үлес қосады. Əрине олардағы халыққа медициналық қызмет көрсету жүйесі біздікінен өзгеше, дегенмен проценттің үлкен болуының маңызы зор. Елбасының кешегі Жолдауында біздегі мөлшер­ді 10 процентке жеткізу жөнінде айтылуы дəрігерлердің кеңірек тыныстауына жол ашады деп ойлаймын. Себебі осы арқылы денсаулық сақтау мекемелерінің жабдықталуы жақсарады, кəсіби біліктілік көтеріліп, оқуға, шетелдермен тəжірибе алмасуға жол ашылады. Жалпы, дəрігер қауымының жағдайы жақсарады. Түптеп келгенде, жұртшылық алатын медициналық көмектің сапасы мен деңгейі артады. 

Бүгінде əлемдік медицина өте қарқынды даму үстінде, күнбе күн жаңа технология, жаңа аспап, жаңа қондырғы көмекке келуде. Кейде қолданып жүрген медициналық қондырғы, аппаратура материалдық тұрғыдан ескіріп жатады, өмірге олардың заман сұранысына жауап беретін соңғы лектері, соңғы үлгілері келіп, жаңа мүмкіндіктердің кеңістігі ашылуда. Ал оларды алу үшін əрине, қаражат қажет. Жоғарыда айтылған 10 процент осындай жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде Қазақстан азаматтары ме­дициналық көмектің қай түрін болсын отандық дəрігерлерден алатындай жағдайда екені анық. Бұрынғыдай ем іздеп шетел асу азайған. Елімізде заманауи клиникалармен мықты мамандар қатары қалыптасып, үстеме қолдау медицинаны одан əрі өрістету үстінде.

Президенттің онкологиялық арулар қажетіне арналған рес­публикалық аурухана ашу керек деген тапсырмасы да өте дұрыс және өзекті деп есептеймін. Аталған дерт бойынша пациенттер көбіне аурудың бастауында емес, асқынған сатысында келіп жатады. Егер республикалық көлемде үлкен орталық ашылса, оның көмегі қай жағынан да жоғары болады. Диагностика, емдеу, əдістеме тұр­ғысынан барлық онкологтарға сүйеу, жолбасшы болары анық. Ауру­дың неғұрлым  диагнозы тезірек анықталса, пациенттің емделуі де,  өмір сапасы да жақсара түспек. Елбасының биылғы Жолдауда медицина саласына қатысты əрбір  айтқан ойын қолдауымыз керек. Аталған саланы дамытып, өрістетуге даңғыл жол аша білу өзіміздің қолымызда.

Жұпар НАХАНОВА, 

жоғары санаттағы акушер-­­­гинеколог,

Денсаулық сақтау ісінің үздігі