Қазақстан • 08 Қазан, 2018

Мақтаның бағасы өсті

1088 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Түркістан облысының мақталы аудандарына жұмыс сапарымен Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев келген болатын. Министрдің сол сапары барысында өткен кездесулерде диқандар мақта бағасының төмендігін айтып шағымданған-ды. 

Мақтаның бағасы өсті

Премьер-министрдің орынбасары мен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың аудандарға жасаған сол жұмыс сапарынан кейін мақтаның бағасы 180 теңге болып бекітілді. Осылайша мақтаны экспорттаумен айналысатын трейдерлермен арнайы жиын өткізіп, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде «ақ алтынның» бағасы 10 теңгеге өсті.

Айта кетелік, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов пен Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев та мақтаның бағасын көтеруге ықпал ету бойынша зауыт басшыларымен бірнеше рет жиналыс өткізген. Мақташылардың талап-тілегі министр мен облыс әкімі сапарынан кейін орындалып отыр. Сондай-ақ мақтаның әрбір тоннасына 12 мың теңгеден мемлекеттік субсидия қоса берілетін болады.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»