08 Қазан, 2018

Ұстаз мерейін өсірген жолдау

2014 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Ұстаз мерейін өсірген жолдау

2018 жылдың 5 қазан күні  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты екенін атап өтті. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар.

Бұдан бөлек халықтың әл ауқатын арттыру мақсатындағы бастамалар да ұжым мүшелерін бей-жай қалдырған жоқ. Минималды жалақының 1,5 есеге өсуі, өзге де бюджеттік мекеме қызметкерлері жалақысының 35% өсіру жөніндегі жаңалықтар көпшілікке ұнағаны сөзсіз. Елбасының жолдаудағы бұл бастамасы еңбектегі кәсіптік пен біліктілік деңгейінің қалыптасуына әсерін тигізе отырып, адамдарды ынталандырып, нәтижелі жұмысқа тартады деген ойдамын. Себебі, еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеулетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор. Мемлекет басшысының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы аса қуантарлық жағдай екені анық. Осы арқылы ол өзінің жастарға үлкен сенім артатынын көрсетіп отыр. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған түрлі салалардағы мәселерді шешу жолдарын жастар қолдайды! Ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Біз Елбасымыздың жастарға артқан үмітін ақтауға дайынбыз!Кейбір экономикалық көрсеткіштерге көңілі толмайтынын ашық айтқан Мемлекет басшысы оларды шешу жолдарын нақты айқындап беріп отырды. Елбасы сынға алып, өзектілігін ашық айтқан мәселенің барлығы – қарапайым қазақстандықтардың көкейінде жүрген түйткілдер. Мәселен, мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдау, медицина саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласының жұмысын жетілдіру секілді толғақты мәселелердің түйінін Елбасы өзі тарқатты. Қалай болғанда да, қоғамдық жүйе де, қарапайым халық та бір серпіліп қалды.Ерекше қуантатыны, бүгін халықаралық ұстаздар күніне арналған Елбасының екі жақсы бастамасы, ол – біріншіден, жалақы көтеру, бұл енді экономикалық жағынан өте маңызды. Ал екіншісі, меніңше аса ерекше мән беретін тұс — ол 2019 жылдан бастап «Педагогтар мәртебесі» туралы арнайы Заңның қабылданатындығы.Шынымен де, қоғамды алға бағыттап тәрбиелейтін — ұстаздар. Білім жүйесі дегеніміз, бұл тек қана білім беріп қана қомай, белгілі бір мөлшерде балаға ақпарат беру жүйесі емес— бұл шындап келсек, әлеуметтендіру институты.

Білім жүйесі дегініміз өткен ұрпақтың келер ұрпаққа деген мұрасы. Сол мұраны жеткізетін ерекше әлеуметтік байланыстар. Сондықтан біз ұстаздың мәртебесін қоғамда нақтыламай, білім жүйесінде үлкен жетістіктерге жетуге өте қиын болады.Жалпы елдің тұрақтылығы, бірлігі болып жатқан өзгерістер кезінде, экономикалық тұрақсыздық кезінде өте жақсы қоғамға, әсіресе, ұстаздарға, балаға деген ерекше мән беріп, ерекше мейірімділікпен сол проблемаларға қарау, меніңше, біздің қоғамның келесі дамыған сатысында екенін көрсетеді. Сондықтан барлық қазақстандықтар бүгінгі Елбасының Жолдауын ести отыра жаңа үмітке, белестерге жаңа жоспарларын құра бастайды.Осы жолдауда аталған маңызды бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар. Мәселен, еліміздегі индустрия, технология, өнеркәсіп кешені, көлік-логистика, инфрақұрылым, коммуналдық құрылыс, заманауи технология, білім, тиімді мемлекеттік басқару және «Ауыл – Ел бесігі», «Өз жеріңді танып біл»  деген жобалар, мәселелер көтерілген. Енді, Президент Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары жүзеге асыруы қажет. Оған қоса мемлекет барлық саланы қадағалап, оған бөлінген қаражаттың нәтижесін сұрап, есебін алып отыруы тиіс. Тек, сонда ғана өркениетті елдер сияқты мемлекеттің ілгерілеп дамуы болады.Сонымен қатар елбасы өз сөзінде: Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет.Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді.«Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек»,-деп айтып өтті.Президенттің әр тұжырымы, әрбір тапсырмасы біздің көкейімізден шықты. Бұл Жолдау – Қазақстанды одан әрі гүлдендіре берудің, ел тұрмысын жақсарта түсудің айқын да жарқын ұзақ мерзімді бағдарламасы. Ендігі міндет – Президент алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру.

Р.Маханов

Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры