Қазақстан • 08 Қазан, 2018

Астанада жаңа жолаушылар автовокзалы ашылды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада жаңа жолаушылар автовокзалы ашылды

Жалпы ауданы 8,6 мың шаршы километрді құрайтын жаңа «Сапаржай» автостанциясы «Нұрлы жол» вокзалының аумағында орналасқан.

Автобустар Степногорск, Қорғалжын, Ерейментау, Көкшетау, Державинск сияқты жақын елді-мекендерге, сонымен қатар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Қызылорда, Алматы, Шымкент қалаларына қатынайды. «Нұрлы жол» вокзалының директоры Дінмұхаммед Құсайыновтың айтуынша, жаңа вокзал ел ішіндегі қалаларға оңай әрі жайлы жетуге мүмкіндік береді.

Ескі автовокзал жұмысын жалғастыра бермек. Керісінше, жолаушылардың қай автовокзалдан қатынауына таңдау болады.