Аймақтар • 09 Қазан, 2018

Түркістандағы Түлкібас ауданында көпсалалы колледж ашылды

888 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді аудан жастары мамандық алу үшін облыс орталықтарына немесе мегаполистерге сабылмайды. Жастардың ауылда, ауданда сұранысқа ие, қажетті мамандықты жақын жерден  алуына мүмкіндік жасалды.

Түркістандағы Түлкібас ауданында көпсалалы колледж ашылды

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының Т.Рысқұлов елді мекенінде көпсалалы колледж ашылды. Орта арнаулы оқу орнының ашылу салтанатында аудан әкімі Н.Тұрашбеков: «Елбасы Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгіледі. Осыған орай сіздер мен біз еліміздің болашағы жастарымызға жоғары деңгейде сапалы білім алуға барлық жағдайды жасауға міндеттіміз», — дей келе «Ұстаздар күні» мерекесіне орай колледж мұғалімдеріне де ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар, аудан басшысы мерекеге орай бірқатар ұстаздарды ауданның 90 жылдық мерейтой медалімен және алғыс хаттармен марапаттады.

Көпсалалы колледж Түлкібас ауданының ғана емес, өңірдегі барлық талапты жастарға «Мектепке дейінгі білім беру мұғалімдері», «Мейірбике қызметі» және «Информатика мен ағылшын пәндерінің мұғалімдері» мамандықтары бойынша білім беретін болады.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы