Бокс • 09 Қазан, 2018

Батыр Жүкембаев Канадалық қарсыласын нокаутқа түсірді

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде мекси­калық боксшы Патрисио Мореномен жекпе-жекке шығып, 14-ші жеңісіне қол жеткізді.   

Батыр Жүкембаев Канадалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын. Алай­да кездесудің жетінші раундында Жүкем­баевтың бүйірден ұрған соққысынан кейін мексикалық боксшы орнынан тұра алмай, кездесуді жалғастырудан бас тартты. Сондай-ақ екінші раундта отандасымыз Мореноны бір рет нокдаунға түсірген-ді.

Осылайша 27 жастағы қазақстандық кәсіп­қой боксшы мансабындағы 14-ші жеңі­сіне қол жеткізді. Ол 12 кездесуінде қарс­ыла­сын мер­зімінен бұрын жеңген. Жүкембаев өз сал­ма­ғында әлемдік рейтингте 33-орында келеді.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»