Аймақтар • 09 Қазан, 2018

Курчатовта халықаралық FNCA семинары басталды

449 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

​​​​​Алдағы уақытта ауыл шаруашылығында да радиациялық технологияларды пайдалануға болады. Осыған орай Курчатовта ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және медицинаға арналған полимерлік материалдарды радиациялық өңдеу және түрлендіру жөніндегі халықаралық FNCA семинары өтіп жатыр.

Курчатовта халықаралық FNCA семинары басталды

ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық технологиялар паркі АҚ негізіндегі ұйымдастырылып отырған халықаралық FNCA семинары барысында 5 күн бойы ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және медицинаға арналған полимерлік материалдарды радиациялық өңдеу және түрлендіру мәселелері қарастырылатын болады.

-Семинар жұмысына FNCA-ге қатысатын 10 елдің – Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Монғолия, Филиппин, Таиланд және Вьетнам елдерінің өкілдері қатысуда,-деді Ұлттық Ядролық Орталықтың бас директора Эрлан Батырбеков,-бұл тақырыптағы семинар Қазақстанда екінші рет өткізілуде. Өткен жолғы семинар 2012 жылы “Electron Accelerator Application Project” тақырыбы бойынша Алматы қаласындағы Ядролық физика институтында өткізілген болатын.        

Айта кету керек, Азиядағы Ядролық кооперация форумы Азия өңірін дамытудағы маңызы зор жоба. Бас директор Эрлан Батырбековтың айтуынша: «Семинар жұмысы ең алдымен ядролық технологияларды қолдануды, ядролық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасуды дамытуға ықпал ету арқылы ядролық қызметпен байланысты өзекті проблемаларды шешу тәсілдерін әзірлеуге бағытталмақ.        

Қазақстанда көптеген үдеткіштер бар. Олар полимерлерді радиациялық біріктіру, медициналық бұйымдарды радиациялық өңдеу, тректік мембраналарды өндіру және тағы басқа үшін қолданылады.   

Қазіргі заман талабына сай үдеткіштер экономиканың көптеген салаларында пайдаланылады, бұл күнделікті өмір сүру сапасын жоғарылатуды қамтамасыз етеді әрі қоршаған орта үшін қауіпсіз болып қала бермек. Сондықтан жобаның тақырыбы Қазақстан үшін де, сол сияқты барша әлем үшін де жоғары басымды болып табылады.    

Семинар 8 – 12 қазан аралығында өткізіліп жатыр.  Семинар барысында әзірленген ұсынымдар тәжірибеде сұранысқа ие болмақ және ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларында радиациялық технологияларды пайдалану жөніндегі келешек жобаларды іске асырдыуң негізі болып саналады.

Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ