Аймақтар • 10 Қазан, 2018

Мұғалімдер марапатталды

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында Ұстаздар күні мерекесіне орай өңірдің үздік деп танылған педагог мамандары облыс әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Олардың арасында 103 жасқа толған ардагер ұстаз Шәукей Жұқанұлы мен 100 жастағы қарт мұғалім Мария Володько да болды. 

Мұғалімдер марапатталды

Салтанатты шараны Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев ашты.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жол­да­уында мұғалімдерді олардың тікелей міндеті болып табылмай­тын жұмыстардан босатуды айтып, ұстаздарды жақтады. Осы­ның барлығы «Педагог мәртебесі туралы» заңда еске­рілетін болады. Президент келесі жылы ол заңды қабылдауды тап­сырды. Құрметті педагогтар, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қоша­новтың атынан сіздерді Ұстаз­дар күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Бұл әркім үшін өзінің алғашқы ұстазын еске алуға себеп болатын керемет мереке. Алғашқы ұстаз – ең жақын, жүрекке ең ыстық адам, – деп атап өтті Жандос Әбішев. 

Салтанатты марапаттау ке­шінде үздік деп танылған 13 ұстаздың әрқайсысына 500 000 теңгенің сертификаттары мен дипломдар табыс етілді. Бұдан бөлек, «Білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» аталымы бо­йынша 8 педагог маманға 1 миллион теңгеден сыйақы берілді.
Салтанатты кештің соңы өнер жұлдыздарының концертімен тү­йінделді. Ұстаздар алдында танымал әнші және продюсер Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина, әнші Адам, биші Атай Өмірзақов, сонымен бірге вокал және хореография ұжымдары өнер көрсетті.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Соңғы жаңалықтар