Медицина • 10 Қазан, 2018

Халық саны өсіп келеді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда халқының саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мың адамға көбейді Облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі осындай ақпар таратты.

Халық саны өсіп келеді

Алдын-ала алынған деректер бойынша 2018 жылғы қаңтар-тамызындағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 24292 адам кетіп, облысқа 21992 адам келді. 2017 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 3,1% көбейген, ал облыстан кеткендер саны 0,9% азайған.

Алыс және жақын шет елдерден 18, республиканың басқа облыстарынан 5885 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 6219 адам келген болатын.

Облыстан 8169 адам немесе жалпы көлемнің 33,6% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы