Білім • 10 Қазан, 2018

Зияткерлік мектептің методикасымен оқытылады

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордадағы «Мұрагер» дарынды балаларға арнғалған мектебі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту жүйесі мен әдістемесін пайдалануға кірісіп кетті.

Зияткерлік мектептің методикасымен оқытылады

Елбасы кешегі Жолдауында әлемдегі ең озық оқыту әдісіне негізделген Назарбаев зияткерлік оқу орнының жақсы тәжірибесін еліміздегі білім орындарында қолдану жайын айтқан еді. Қызылордағы айтулы мектеп мұғалімдердің ғылыми ізденіске жол ашатын, шығармашылық тұрғыдан өсуіне баспалдақ болатын жаңа жүйені тиімді пайдаланып жатыр. Мектеп директоры Динара Баймұрзаева 5-9 сыныптарда ағылшын тіліне қосымша сағаттар қосылғандығын айтады.

Аптасына бес сағат шет тілін үйренуге уақыт бөлінген мектептің бес пен тоғыз сынып аралығында физика, химия және биология пәндері ағылшын тілінде оқытылады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы