Президент • 10 Қазан, 2018

Елбасы Финляндия Республикасы мен Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

Елбасы Финляндия Республикасы мен Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады

Қазақстан Президенті биылғы 16-17 қазанда Финляндия Республикасына ресми сапармен барады.

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында өтетін «Азия-Еуропа» форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысады.