Саясат • 10 Қазан, 2018

Йоахим Ланг: «Брексит» - Еуропа үшін үлкен дағдарыс

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Неміс өнеркәсібі федералды бірлестігінің басшысы Йоахим Ланг «Брекситтің» Еуропа экономикасына әсері туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Euronews.  

Йоахим Ланг: «Брексит» - Еуропа үшін үлкен дағдарыс

«Брексит» Ұлыбритания экономикасымен қоса түгел Еуропа одағының экономикасына да кесел келтірмек», деді неміс өнеркәсібі федералды бірлестігінің басшысы Йоахим Ланг.

Оның айтуынша, аталмыш жағдай орын алса, мыңдаған компанияға үлкен қауіп төнбек. Бұл тізімде Германия да бар. Сондықтан неміс мекемелері үшін Брюссель мен Лондонның ортақ мәмілеге келуі маңызды болып отыр.

«Біріккен Корольдіктің Еуропа одағынан келісімсіз шығу ықтималы әлі де бар. Еуроодақтағы шешуші саммит қарсанында жағдай қиындай түсуде. Егер  «Брексит» шешімі мақұлданса, үлкен қауіптен қаша алмаймыз. Бәрінен бұрын, Брюссель мен Лондонның қараша айының ортасына дейін келісімге келгені неміс өнеркәсібі үшін маңызды», деді Ланг.  

«Сонымен қатар, ауыспалы кезең кезінде Ұлыбританияның Кедендік одақ пен ішкі нарықта қалуы неміс компаниялары үшін өте қажет. Еуропа мен Британия парламенті жаңа заңнамасын наурыз айына дейін бекітіп үлгеруі үшін өзгерістер бірнеше апта ішінде қабылдануы керек. Басқа жағдайда Еуропаны үлкен дағдарыс күтіп тұр», деді федералды бірлестік басшысы.