Қазақстан аймақтарын аралайтын ең ауқымды экспедиция аяқталды

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өтуіне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы Қазақстанның ең маңызды табиғи нысандарына баруға арналған ауқымды «Ұлы Дала Еліне саяхат» экспедициясын өткізді, 

Егемен Қазақстан
10.10.2018 2572
3333
2222
2222
2222
2222

Жоспарға сай, экспедиция 2018 жылғы 18 шілде мен 29 қыркүйек аралығында 6 туристік кластерді қамти отырып, маңызды табиғи нысандарға апаратын 6 бағыт бойынша өтті. 3 айда экспедиция қатысушылары Қазақстанның 11 облысында 17 000 шақырымнан астам жол жүріп, ондаған табиғи орынға, саябақтар мен қорықтарға барып қайтты. Таулардың, өзендер мен көлдердің, шатқалдардың, тарихи кешендер мен ұлы даланың керемет сұлулығын көріп, саяхатшыларымыз, жүріп өткен қиындығы мол жолдар үшін марапат алғандай сезімде болды.

Ең ауқымды «Ұлы Дала Еліне саяхат» экспедициясы 18 шілдеде Алматыда басталды, сол жерден «Тянь-Шань маржандары» бағытының қатысушылары жолға аттанған болатын. Алматы облысында өткен 12 күнде саяхатшылар Баянкөл аңғарында болып, Хан-Тәңірі сұлулығын тамашалады, одан кейін бір литр суының құрамындағы тұздың мөлшері 300 граммға дейін жететін Тұзкөл тау өзенінде болды. Бұл көлдің емдік қасиеті Өлі теңізбен бірдей. Шәлкөде алқабына жаз мезгілінде осы маңдағы елді мекен тұрғындары жайлауға шығады, бұл жер, сұлулығынан бөлек, экспедиция тобы келген кезде өтіп жатқан «Жетісу жүйрігі» фестивалімен қуантты. Фестивальда саяхатшыларымыз аударыспақ, қыз қуу, қазақ күресі тәрізді ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстарға және іс-шараның басты сайысы – бәйгеге куә болды, бәйге 4 санатта өтті. Маусым айынан қыркүйек айына дейін Шәлкөдеде жүзге жуық киіз үй тігіледі, қойшылар туристерді кез келген уақытта қуана қабылдайтынын жеткізді. Ары қарай қатысушылар атпен Дардамты турбазасына барып, сол жерде құсбегі Қуаныш Исабековпен танысты. Бүркітпен аңға шығу Франция, Ұлыбритания, Германия және Араб елдерінен келген туристер арасында аса танымал. Экспедиция Жіңішке, Шілік өзендерін, Ассы үстіртін, Шарын шатқалын, Түрген аңғары мен Батан шатақалын аралап, 29 шілдеде Алматыда аяқталды.

Шығыс Қазақстан облысы 5 тамызда Бұқтырма су қоймасынан басталған «Алтай – өркениет бесігі» деп аталатын бағытымен 12 күн бойы экспедиция мүшелеріне естен кетпес қуаныш сыйлады. Бұқтырмадан кейін саяхатшылар Катон-Қарағай ұлттық саябағына, Қаракөлге, шипалы родон суы бар Рахман қайнарларына, Қазақстанда баламасы жоқ III-IV ғасырлардағы археологиялық ескерткіш-мазар – Берел қорғанына барды. Сондай-ақ топ бағыт бойынша маңайының табиғаты жанды баурап алатын Марқакөлге соқты. Көл маңы қалың орман, жағасы құлама жартас, кей жерлері көгалды болып келеді. Сол жерден экспедиция қатысушылары кейде «жалынды жартас», «Рухтар қаласы» немесе Жердегі Марс бөлшегі деп аталатын Қиын Керіш шатқалына бет алды. Бұл жердің аптап ыстығы мен бір тамшы судың болмауы аса көркем және тылсым атмосфера қалыптастырады. Зайсан көлі (Шекелмес мүйісі), Тарбағатай таулары және Алакөл арқылы өткен естен кетпес бағыт 16 тамызда аяқталды.

Алматы облысы «Жоңғар Алатауы» бағытымен экспедиция қатысушыларын тағы да тәнті етті, бағыт 13 тамызда «Алтынемел» ұлттық саябағынан басталды. Саяхатшылар 12 күн ішінде керемет нысандарда болды, олар: құпиясы әлі толық ашылмаған Бесшатыр қорымы, орган музыкасына ұқсас дыбыс шығаратын ерекше қасиеті бар Айғайқұм. Баянжүрек тауында экспедиция мүшелері ежелгі темір дәуірінде тасқа салынған суреттерді көрді.

Жетісу жерінің алуан түрлілігі, сұлулығы, флорасы мен фаунасының байлығы экспедиция қатысушыларына керемет әсер сыйлады. Оған қоса, 24 тамызда аяқталған бастапқы бағытқа қатысушылардың ұсынысымен өзгерістер енгізілді. Осы ұсыныстар негізінде қазір туристік компаниялар Жоңғар Алатауының айналасы бойынша ең оңтайлы турларды жасауда.

«Сарыарқа» бағыты - бұл Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының сұлулығына сұқтандырған 16 күндік жол. Бағыт бойынша қатысушылар 5 ұлттық табиғи саябақта болды, олар: «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, мұнда қатысушылар әртүрлі құстар мекен ететін Әжібай көлін көрсе, Баянауыл ұлттық табиғи саябағында суы тұнық Торайғыр көлінің көркін тамашалады; Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында аңызға айналған Шайтанкөлді көзімен көріп қайтты; содан соң «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы мен «Бурабай» ұлттық табиғи саябағында болды. Одан бөлек, қатысушылар Балқаш көлінде, Шұнақ метеорит кратерінде, Теректі шатқалында және ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасының тізіміне кіретін Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында болды. Бағыт 4 қыркүйекте аяқталды, қатысушылардың айтуынша бұл ең қызық бағыттардың бірі болды.  

Өз кезегінде Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары да «Теңізден теңізге дейін»бағытының қатысушыларын құшақ жая қарсы алды. 14 күнде Қызылорда облысындағы Қамбаш көлі, бір күндері әлемдегі ең үлкен теңіз болып, қазір тартылып бара жатқан Арал теңізінің жағалауы қатысушылардың жадысында жатталып қалды, ал Маңғыстау облысымен танысу Бейнеу ауылындағы ХVІ ғасырдың ескерткіші Бейнеу діни-жерлеу кешенінен басталды. Саяхатшылар арасында аса танымал нысандардың бірі - Бозжыра алқабындағы Үстірт қыраты. Қылтиып шыққан көгі жоқ, аппақ борлы таулар мен сүмбілер басқа ғаламшарда жүргендей әсер береді. Маңғыстауды шын мәнінде «ашық аспан астындағы мұражай» деп атауға болады, мұнда жүзден астам табиғи және археологиялық ескерткіш бар.

«Жаңа Жібек жолы» соңғы бағыты Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары арқылы өтті. Қатысушылар аз уақытта көп жерге барғандықтан, бұл бағытты қызыққа толы бағыт деуге болады. Олардың қатарында Жаркент қаласы, Қорғас ауылы, Саты ауылы, Көлсай және Қайыңды тау көлдері, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, Темірлік шатқалы, Сарайлар алқабы, Айғайқұм, Талхиз қалашығы, Тамғалы шатқалы, Ақыртас археологиялық кешені, Қарахан мен Айша бибі кесенелері, Түркістан қаласы және бағыттың соңғы нүктесі – Отырар қалашығы бар. Бағыт соңында қатысушыларды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қарсы алды.

Осылайша, экспедицияға барлығы 150-қа жуық адам қатысты, олардың қатарында кәсіби гидтер, тәжірибелі саяхатшылар, журналистер, тревел-блогерлер, депутаттар, медиа тұлғалар, «Kazakh TV» телеарнасының түсірілім тобы және National Geographic Ресей командасы бар. Экспедицияның сапалы құрамының арқасында жаңа турбағыттар жасалып, еліміздің табиғи нысандары туралы фото- және видеобанк дайындалды, сол нысандар туралы ақпарат өңделді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Қайнар Олжай: Жас журналист жайын сияқты болуы керек (Видео)

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев: Білім беру жүйесі реформалардың шырмауынан шыға алар емес

19.10.2018

Ұлттық құндылықтардың иесі – жастар

19.10.2018

Оралда студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

19.10.2018

«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай «Жазылушылар күні» ұйымдастырылды

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын үнемдеуге шақырды

19.10.2018

Еуразия ынтымақтастығының маңызы зор

19.10.2018

Амангелді Кеңшілікұлының «Қазақты сүю» атты шығармашылық кеші өтті

19.10.2018

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдығы аясында тарихи кітаптардың тұсауы кесілді

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда жұмыс сапарымен болды

19.10.2018

Америкалық еріктілер оқушыларға ағылшын тілін үйретіп жүр

19.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті

19.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитіне қатысты

19.10.2018

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектер арбасын сыйлайды

19.10.2018

Президент «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді

19.10.2018

Владимир Путин: Өзбекстан Ресейдің сенімді серіктесі

19.10.2018

Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болды

19.10.2018

Атырауда мамандандырылған ХҚКО құрылысы аяқталуы жақын

19.10.2018

Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына - 120 жыл

19.10.2018

Павлодар-Семей тасжолында көліктер өртеніп, бір адам мерт болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу