Қазақстан • 11 Қазан, 2018

Алматыда анестезиологтар мен реаниматологтардың III съезі ашылды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда анестезиология және реаниматология, сондай-ақ, сабақтас салаларда қызмет ететін мамандарға арналған Қазақстанның анестезиологтары мен реаниматологтарының III съезі өз жұмысын бастады.

Алматыда анестезиологтар мен реаниматологтардың III съезі ашылды

Аталмыш халықаралық форум өз кезегінде қатарында Қазақстанның анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерін біріктіріп отырған «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 10 жылдық мерейтойына ұласты. Съез жұмысына республика аймақтары мен алыс және жақын шетелден келген 400-ден аса маман қатысуда.

Съез жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, сондай-ақ, Дания, Швейцария, Израиль, Араб әмірліктері, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің жетекші жоғарғы оқу орындары мен клиникаларынан спикерлер шақырылды.

Съез кезінде бұл саладағы құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелер, пәнаралық ынтымақтастықты орнату, сондай-ақ, халыққа анестезиологиялық-реаниматологиялық көмект көрсету стандарттарын жаңарту мәселелрі көтерілуде.

Съездің алғашқы күнінің бірінші жартысында пленарлық мәжіліс, екінші жартысында секциялық мәжілістер өтті. Ал 12 қазанда  секциялық мәжілістер және ұйымдастырушылық пленарлық мәжіліс өтеді. Үшінші күнге, 13 қазанға секциялық мәжілістер мен Қарар қабылдау және Съезді қорытындылау жоспарланған.

Тұңғыш рет Съез аясында анестезиология және реаниматологияда жұмыс жасайтын медбикелерге арналған секция өткізілмек.

III Съезде анестезиология, реанимация және  интенсивтік терапия бөлімшелерінің жұмыс тиімділігін арттыруға арналған келесі маңызды тақырыптар қарастырылады:

 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ