Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезі өз жұмысын аяқтады

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезі өз жұмысын аяқтады. Діни форумның жұмысы Бейбітшілік және келісім сарайында басталды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты шараны ашты, деп хабарлайды ҚР Парламентінің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
12.10.2018 2106
2

Елбасы өз сөзінде Қазақстан мен Астананың жаһандық деңгейде бітімгерлік, әріптестік, толеранттылық пен жасампаздық идеяларын ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтті.

- Ғылыми-технологиялық прогрестің дамуы барысында өркениетаралық қақтығыстардың жөнсіздігі айқын көрінеді. Дәл қазір болашақ адамзаттың бет-бейнесі қалыптасуда. Келер ұрпаққа ортақ планетамызды қандай күйде тапсыра аламыз – өркениетіміздің өзекті мәселесі осы. Біздің үшінші мыңжылдықта өмір сүріп жатқанымызға 18 жыл болды, алайда бейбітшілік, бақ-береке мен молшылық адамзат дамуының негізгі үрдісіне айнала алмады. Әлемдік қоғамдастық өзара сенімсіздіктің, жек көрушілік пен қақтығыстың иірімінен шыға алмай келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Қазақстан Президенті сенімнің жаһандық дағдарысын еңсеру үшін күш біріктірудің маңыздылығын атап өтіп, съезге қатысушылардың бірлескен жұмысының жекелеген бағыттарына тоқталды. Елбасы әлемдік діндер көшбасшыларын ақпараттық қоғам дәуірінде бейбітшілік пен келісім идеясын жаһандық деңгейде ілгерілету үшін жаңа технологиялардың барлық артықшылығын пайдалануға шақырды. Бұл үшін Президент Съезд базасында ақпараттық портал құруды ұсынды. Елбасы сондай-ақ дін басыларына әлемдік қауымдастықты бейбітшілік пен қауіпсіздікке шақыру туралы ұсыныс айтты.

Пленарлық отырыс барысында Президент Н.Назарбаев дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық бірінші сыйлығын Дінаралық үнқатысу жөніндегі Папа кеңесіне табыстады.

Бірқатар діни көшбасшылар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің Құрмет медалімен марапатталды.

Съездің құрметті қонағы – Сербия Президенті Александр Вучич форумға қатысушылардың алдында сөз сөйледі.

Сондай-ақ, пленарлық отырыста Әл-Азхар Жоғарғы имамы Мұхаммад Ахмад ат-Тайеб, Иерусалим патриархы Феофил III, Мәскеу патриархаты сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің төрағасы Волоколамск митрополиті Иларион, Папа кеңесінің заңнамалық мәтіндерді түсіндіру жөніндегі төрағасы кардинал Франциско Коккопальмерио, БҰҰ Өркениеттер альянсының жоғарғы өкілі Насир Абд аль-Азиз Ан-Насер, Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының Бас хатшысы аятолла Мохсен Мохаммади Араки, Израильдің сефард және ашкеназий раввиндері Ицхак Иосиф пен Давид Лау, Дүниежүзілік буддистер қауымдастығының вице-президенті лама Чойжилжавын Дамбажав, Қытай даосистері қауымдастығының төрағасы Ли Гуанфу, ЕҚЫҰ бас хатшысы Томас Гремингер, «Діндер бейбітшілікті жақтайды» Халықаралық ұйымның бас хатшысы Уильям Вендли мен Съездің мәртебелі меймандары сөз сөйледі.

11 қазан күні Съезге қатысушыларының жұмыс күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайының жанындағы «Бейбітшілік қабырғасы» маңында ортақ дұға жасау рәсімімен басталды. Әртүрлі дін өкілдері жер бетіндегі бейбітшілік пен амандық үшін дұға жасады. «Бейбітшілік қабырғасы» монументі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI век» манифестінің идеяларын бейнелейді. Президенттің осы тарихи құжатының идеялық мазмұны Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің алғашқы секциялық отырысының негізгі тақырыбы болды.

Қалған секциялық отырыстар «Құбылмалы геосаясат жағдайындағы діндер: адамзатты топтастыру үшін жаңа мүмкіндіктер», «Дін мен жаһандану: сын-тегеуріндер мен жауаптар» және «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді жеңу жолында» тақырыптарына арналды.

Форумға қатысушылар талқылаулар барысында халықтар мен өркениеттерді жақындастыру, жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мәселелерін бірлесіп шешуге бар күш-жігерін арнайды.

Съездің жабылу салтанатында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Қ.Тоқаев форум жұмысына белсенді атсалысқандары үшін делегация басшылары мен қонақтарға, халықаралық ұйым өкілдеріне алғыс білдірді.

Сенат Төрағасының пікірінше, форум аясында айтылған идеялар мен ұсыныстарды терең зерделеп, ой елегінен өткізу қажет. Форум діни көшбасшылар арасында әлемнің жаңа бейнесі бойынша ортақ пайымдаулар бар екенін көрсетті. «Бүкіл әлемде әралуан дінді ұстанатын адамдар Қазақстанның елордасындағы кездесуге зор үмітпен көз тігуде. Ұрыс-жанжал мен үрейден қажыған миллиондаған адамдар бейбітшілікті, тыныштықты, тұрақтылықты қалайды», - деді Қ.Тоқаев.

Қ.Тоқаев дінаралық форум қатысушылары өз елдерінің үкіметтері мен халықтары арасында VI Съезд қорытындысын насихаттайды деп сенім білдірді.

Съезд қорытындысы бойынша қабылданған Декларацияда форум қатысушылары ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу және өшпенділік пен төзімсіздіктен туындаған күштеп жасалатын әрекеттердің алдын алу жөнінде күш-жігер қосуға әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларын барынша тартуға әзір екендіктерін жеткізді.

Форум қатысушылары экстремистер мен террористер тарапынан қысым мен күш көрсетуге тап болған барлық діни топтар мен этнос бірлестіктеріне ниеттес екендіктерін, сондай-ақ, босқындар мен олардың құқықтары мен абыройын қорғауға бағытталған күш-жігерді қолдайтындарын білдірді.

Қорытынды құжат әлемдік БАҚ өкілдерін терроризм мен дінді теңдестіруден бас тартуға үндейді. Декларацияда бейбітшіліктің құндылығын, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен қоғамдық жиындарда өзара түсіністік пен сыйластықты ілгерілету, сондай-ақ барлық діндердің құлшылық жасау орындары мен киелі жерлерінде арандатушылық пен зорлықты болдырмауға күш салуға үндеуі қамтылады.,

Съезд делегаттары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бейбітшілік пен келісім жолындағы жаһандық өзара әрекеттесу үдерісіне қосқан қомақты үлесін мойындау ретінде «Н.Назарбаев атындағы конфессияаралық және өркениетаралық диалог орталығын» құру бастамасын қолдады.

Декларацияда келесі форумның өтетін мерзімі белгіленді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін 2021 жылы Астанада өткізу туралы шешім қабылданды.

Форум аясында өткізілген шара барысында Бейбітшілік пен келісім мұражайы ашылып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 15 жылдығына орай арнайы шығарылған марканың таныстырылымы өтті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2018

Үндістандағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

20.10.2018

Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

20.10.2018

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында  семинар өтті

20.10.2018

Данияр Елеусінов АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

20.10.2018

Мектеп туризмі отансүйгіштікке бастайды

20.10.2018

Павлодарда ТҮРКСОЙ жастар камералық хоры өнер көрсетті

20.10.2018

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

20.10.2018

Сенаторлар Батыс Қазақстан облысын аралады

20.10.2018

Маңғыстау облысына ирандық делегация келді

20.10.2018

Қазақстан 2019 жылы медициналық қызметтерді көрсетудің электронды форматына толық көшеді

20.10.2018

Ғылыми-әдеби интеграция артып келеді

20.10.2018

Сыр елінде тұңғыш рет «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық байқау өтті

20.10.2018

Кандагарда парламенттік сайлау кейінге қалдырылды

20.10.2018

Маңғыстау облысында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды

20.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

20.10.2018

Қызылордада  «Жолда қабылдау» акциясы өтті

20.10.2018

Сенат депутаттары Алматыдағы көпір құрылысы зауытын аралады

20.10.2018

Түрік технологы сүт өндірудің тың әдісін үйретті

20.10.2018

Қостанайда зағиптар үшін жол құрылымы өзгереді

20.10.2018

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу