Бизнес • 12 Қазан, 2018

Солтүстік Қазақстанда  биоэтанол өндіретін зауыт іске қосылды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайынша ауданында  биоэтанол  өндіруге бағытталған «Bio operations» кәсіпорны пайдалануға берілді.

Солтүстік Қазақстанда  биоэтанол өндіретін зауыт іске қосылды

Оның ашылуына «Қазақстан инвестициясы қоры»  АҚ басқарма төрағасы Ермек Сақышев, «KazFoodProducts» ЖШС-нің бас директоры Әлихан Талғатбек, облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, сөз сөйледі.

«Bio operations» еліміз және оның ішінде өңір үшін стратегиялық маңызға ие ірі өндіріс ошағына айналмақ. Келешегі өте зор. Алғашқы кезеңде 11 миллиард теңге инвестиция құйылды.  Тағы 6 миллиард теңге тартылмақ.Жылына 300 мың тонна бидайды қалдықсыз  өңдей алады. Тек жергілікті шикізат қолданылады.

«Зауытта 400  жергілікті тұрғын еңбекпен қамтылатын болады. 50 мың басқа шақталған шошқа кешені де өз жұмысын  бастады. Жуық арада Орталық Азиядағы теңдесі жоқ ет комбинаты іске қосылады. Комбинаттың жылдық қуаттылығы –15 мың тонна . Мұнда 1000 адам  жұмысқа орналасады.  Жергілікті қазынаға жылына 100 миллион теңге салық түседі. Осылайша аймақта кластерлік жүйе орнығады», деді Құмар Ақсақалов.

Крахмал мен клейковина шығаратын цех іске қосылды. Келесі жылы зауыт биоэтанол өндіріле бастайжы. Құрғақ бидай өңделіп, биоэтанол алынған соң қалған қалдық мал  азығына жаратылады.

Әлихан Талғатбектің айтуынша, экологиялық таза өнім Еуроодақ елдеріне жөнелтіледі. Бұл мақсат үшін бірқатар келісім жасалып, негізінен  экспортқа бағдарланып отыр. Отандық мұнай зауыттарының Еуро-5 бензинін шығаруға көшкенін ескерсек, отандық биоэтанолға сұраныс жоғары болмақ.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы