Роза Абитова финалға шыққан сегіз спортшының қатарына ене алмай, финалдан тыс қалған болатын. Бірақ ұйымдастырушылар спортшыларды сырттай командаларға бөліп, халықаралық құрам жасақтаған. Роза енген команда ұпай саны бойынша екінші орыннан көрініп, отандасымыз күміс жүлдені олжалады.
Ал дзюдошылар арасында соңғы бәсекеде спортшылар бірнеше командаға бөлініп, белдескен болатын. Отандасымыз Бекарыс Сәдуақастың «Лондон» командасы жартылай финалда «Бейжің» командасынан жеңіліп, үшінші орынды қанағат тұтты.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»