Қоғам • 12 Қазан, 2018

Ақтөбеде жас жігітті пышақтап өлтірген Бекназ Кеңшілікке сот үкімі шықты

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде кәмелетке толмаған Азат Дүсіповті пышақтап өлтірген Бекназ Кеңшілікке сот үкімі шықты. 

Ақтөбеде жас жігітті пышақтап өлтірген Бекназ Кеңшілікке сот үкімі шықты

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Бекназ Кеңшілікке сот үкімі шықты. Бекназ Кеңшілік 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья Азат Дүсіповтің жүрегі, өкпесіне бірнеше рет пышақ сұққан Б.Кеңшіліктің оқиға орнынан қашып кеткенін атап өтіп, оның қылмысқа жоспарлы түрде барғанын айтты. «Бекназ Кеңшілік Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін», - деді судья Алтынбек Сабыров.

Соңғы жаңалықтар