Зейнетақы қоры азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне, оның ішінде «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Үкіметтің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.

Егемен Қазақстан
12.10.2018 6291
2

Ол 2018 жылдың 11 қазанынан бастап күшіне енді.

Осы орайда Зейнетақы қоры «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VІ Заңы) енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар өз пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде (бірақ ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 75 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес), міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуге тиісті екендігін мәлімдеп отыр.

Заң ережесін орындау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жарналарын аудару қағидаларына тиісті өзгерістер енгізді. Өйткені аталмыш министрлік МЗЖ аудару тәртібі мен мерзімін әзірлеуге қатысты уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Өзгерістер зейнетақы жарналарын аудару ережесінің мына тұстарына енгізілген:

МЗЖ есептеу нысанына жеке тұлғалардың заты жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша алған табыстарын қосу;  

1. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын, екінші деңгейдегі банктерде немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – ЕДБ, банктер) шоты жоқ жеке тұлғалар МЗЖ-ны банкке қолма-қол ақшамен аударады, сондай-ақ мұндай тұлғалардың МЗЖ-ны Мемлекеттік корпорацияға аудару мерзімі табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-не дейін белгіленген;

2. Нақтылаушы сипатқа ие түзетулер, соларға сәйкес мүліктік табыстардан МЗЖ ұсталмайды.

Осылайша, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар МЗЖ-ны банкке мына тәртіппен аударады:

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін, қызмет көрсететін жеке тұлғалар табыс алған соң, МЗЖ-ны өз бетімен Қорға ЕДБ немесе «Қазпошта» АҚ арқылы сол табыс алған айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей төлейді;     екінші деңгейдегі банктерде шоты жоқ жеке тұлғалар МЗЖ-ны кейіннен Мемлекеттік корпорацияға аудару үшін МЗЖ-ны банкке немесе «Қазпошта» АҚ қолма-қол ақшамен өткізеді; банктер немесе «Қазпошта» АҚ ТМК (төлем мақсатының коды) 010 кодын қолдана отырып, Мемлекеттік корпорацияға төлем тапсырмасын әзірлейді.

Одан әрі, салымшылардың МЗЖ сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.

Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар БЖЗҚ-ға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. Өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған. Жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2019

Орал қатты қалдықты өңдеуге кірісті

18.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралдан» ұтылды

18.02.2019

Семейде математикадан аймақтық олимпиада өтті

18.02.2019

Шымкентте өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған жас батыр марапатталды

18.02.2019

Семейде татар халқы  «Самавыр янында» бас қосты

18.02.2019

Жетісу кәсіпкерлері көшелерді  жарықтандыруға кіріседі

18.02.2019

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

18.02.2019

Жапония мен Түрікменстан өкілдері кездесті

18.02.2019

Баку қаласында Каспий теңізі мәселелері жөнінде отырыс өтеді

18.02.2019

Алматыда 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады

18.02.2019

Астана-Қарағанды тас жолы қатты бұрқасын салдарынан жабылды

18.02.2019

Алматы облысында 365 күнде 365 кәсіпкерден өтініш қабылданды

18.02.2019

Атақты дизайнер қиын жағдайға тап болған әйелдерге 50 киім үлгісін сыйлайды

18.02.2019

2018 жылы қызылшамен ауырғандар саны өскен

18.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді

18.02.2019

Ақтаулық ата-аналар Оксфордтық курсты оқыды

18.02.2019

Қостанай ювеналдық сотында «Отбасы бөлмесі» ашылды

18.02.2019

Донецк қаласында бірнеше жарылыс болды

18.02.2019

Үндістан үкіметі Эверестің биіктігін қайта өлшемек

18.02.2019

Қазақстанда қанша қасқыр бар?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу