Футбол • 12 Қазан, 2018

Миксу Паателайнен: Қазақстан құрамасында бірнеше жақсы ойыншы бар

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттар лигасы аясында өтетін Латвия – Қазақстан ойыны алдында Латвия құрамасының бас бапкері Миксу Паателайнен тілшілер сауалына жауап берді.

Миксу Паателайнен: Қазақстан құрамасында бірнеше жақсы ойыншы бар

- Бізді ертең өте қиын ойын күтіп тұр. Себебі, Қазақстан құрамасының сапында бірнеше жоғары деңгейлі ойыншылар бар. Соңғы ойындарын қарап шықтық, зерттедік. Міндетті түрде жеңіске жету үшін бар күшті саламыз.

- Ертеңгі ойында Латвия құрамасының сапында өзгерістер болуы мүмкін бе?

- Иә, оны ертең көре жатарсыздар. Барлық ойыншылар бабында десем болады.

- Сіздің ойыңызша біздің топта қай команда фаворит деп санайсыз?

- Әр команданың өзіндік артықшылығы бар. Мысалы Грузияның ойыны өз алдына. Ол техникалық жағынан мықты. Ал Қазақстан құрамысының да өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен, біз де осы топтан бірінші орын алу үшін ойнап жатырмыз. Мені бапкерлік қызметке шақырғанда осындай мақсат қойылған еді.