Медицина • 15 Қазан, 2018

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы өтті

725 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы болып өтті. Ол екі күнге созылғанымен, көрме жеңімпаздарын айқындау үшін дауыс беру бұдан кейін басталып, қазан айының 25-іне дейін жүргізілмек. Осылайша көрме жеңімпаздарын тұтынушы қарапайым халықтың өзі айқындайтын болады. 

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы өтті

Көрме қарсаңындағы Ор­­­талық коммуникация­лар қызметінде өт­кен бас­па­­­сөз мәслихатында «Ата­ме­кен» ҰКП Төралқа төр­аға­сы хат­шылығының жетек­шісі Ләззат Рамазанова би­­ыл­ғы көрме-байқаудың ерек­ше­ліктерін айтып берген еді.

«Байқауға еліміздің бар­­­­­лық облыс орталық­та­рын­да, Астана мен Алматы қа­лаларында маусым мен та­­­­­­­мыз аралығында өткен өңір­­­лік кезеңдердің 153 ж­е­­­ңім­­паз компаниясы қа­ты­сады. Биыл біз жергілікті та­­­­­уар өндірушілерді қолдау мақсатында тұңғыш рет онлайн дауыс беруді қосып отырмыз. Алдымен сараптау комиссиясы республикалық көр­меге қатысушылардың ішінен 27 финалисті анық­тайды. Мұнан кейін қа­зақ­стандық тұтынушылар 15-25 қазан аралығында отан­дық үздік өндірушіге дауыс бере алады», деген болатын ол.

Ләззат Рамазанованың айтуынша, өңірлік кезеңдерге қатысушылардың жалпы са­­ны биыл 1163 компанияны құраған. Демек биылғы қа­тысушылар саны осыған де­йін­­­гіден екі есеге жуық ар­­тып отыр.

Ал жұма күні болып өткен көрме-конкурстың салтанатты ашылуына Ин­вестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен «Ата­мекен» ҰКП басқарма төрағасы Абы­­­­­лай Мырзахметов қатысты. Ми­нистр Мемлекет басшысының Қазақ­стан хал­қына Жолдауында қазақ­стан­дық кәсіпорындардың тұ­тыну тауарларының кең ауқы­мын мең­геруіне, былайша айт­қан­да, «қарапайым заттардың эко­номикасын» дамытуға на­зар аударғанын атап өтті. «Қазақстанның үздік тауары» байқауы тек сапа мәселесін өзек­тендіріп қоймай, соны­мен қа­тар кәсіпорындардың бәсекеге қабі­леттілігін артты­руға да көмектеседі.

«Бүгінгі таңда мемле­кет бизнесті қолдауға ба­ғыт­тал­­­ған, әсіресе өң­деу сек­то­­­рындағы экспорттау­шы­лар­­дың өсімін ынталанды­ратын бірқатар кешенді жү­йелік шаралар қабылдауда. Көптеген қатысушылар жә­не әрбір адам өздерінің бәсе­келестерінің қалай жұмыс істейтінін, олардың қандай са­палы өнім шығаратынын көре алады. Біз жыл сайын қатысушылардың саны өсіп келе жатқанын көріп отырмыз, қазір қатысушылардың 80%-ы жаңа компаниялар», деді Жеңіс Қасымбек.

«Атамекен» ҰКП бас­қар­ма төр­­ағасы Абылай Мыр­захметов өз сө­зінде Мем­ле­­кет басшысының отан­дық экспорттаушыларға қол­­дау көрсету үшін 500 млрд теңге және өнді­ру­ші­лер­ге қолдау көрсету үшін 600 млрд теңге бөлу ту­ра­лы тапсырма бергенін ес­ке салды. Қазақстандық компаниялардың жаңа нарық­тарға шығулары үшін 20 мил­лиард долларға жуық қар­жы оларға көмек ретінде бағыт­талатын болады.

«Биыл өңірлік байқауға 1163 компания қатысты. Бұл біз ойлағаннан да жоғары, тіпті рекордтық көрсеткіш. Ұлт­тық палата отандық тауар­лардың сапасы жоғары болуын, өндірушілердің бәсекеге қабілетті болуын көрменің басты мақсаты санайды», деді Абылай Мырзахметов.

Республикалық көрме аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына отандық тауар­­лардың кең ауқымы ұсы­­нылды. Кез келген тұр­ғын ұсынылған өнімд­ер­дің дәмін татып көре алады және өндірушілердің баға­сымен сатып ала алады. Сондай-ақ конкурста отан­дық өндірушілердің ки­ім-кешектері, мастер-клас­тар және келушілер ара­сын­да ұтыс ойындары ұйым­дас­тырылды.

Байқауды 2015 жылдан бері «Ата­мекен» ҰКП ұйым­дастырып келеді. Бай­қау үш номинация бойын­ша өткі­зіледі: «Үздік өн­­дірістік тауарлар»; «Ха­лық­­­­қа арналған ең үздік та­­­уар­­лар» және «Ең үздік азық-түлік өнімдері».

Көрмеде Абылай Мыр­захметов пен Жеңіс Қасым­бек қатысушылардың тауар­ларымен таныса жүріп, қы­зыл­ордалық «Dalatex» фир­масының жейделерін сатып алды. Компания 2016 жылдан бері отандық нарықта. Қазақстанның әр өңірінде өкілдіктері бар, сонымен қоса өнімдерін Ресейге экспорттайды.

«Біз осындай ауқымды көрмеге қатысқанымызға қуа­­ныштымыз. Жей­делеріміз шет­елдік өнімдерден кем емес, ал бағасы оларға қара­ған­да арзан, яғни қолжетімді. Биылғы көрме жеңімпазы атанамыз деген үмітіміз де бар», деді «Dalatex» ЖШС директоры Дінмұхамед Абы­зов.

«Бізде мақтанып ай­туға тұрарлық дүниелер баршы­лық. Отандастарымыз елі­мізде қандай тауарлар өнді­рілетінін біле бермейді. Осы көрменің аясында мүм­­кін­дігінше отандық та­уар­ла­­ры­мызды көпшілікке та­ныс­­тыруды мақсат тұтып отыр­мыз», деді «Ата­ме­кен» ҰКП республикалық бай­қауларының ұйымдасты­ру­шысы Сал­танат Әбдікә­рімова көрмені өткізу бары­сында.

Биыл жеңімпаздарды анықтау тәртібі өзгергендігін жоғарыда айт­тық. Басты ерек­шелік – Қа­зақстан тұр­ғындары енді үздік өндірушіні анықтау үшін дауыс бере алады. Осы мақсатта 15 қазан күні сағат 9:00-де www.altynsapa.kz сайты арқылы дауыс беру басталады. Ол 25 қазанға дейін жалғасады. Марапаттау рәсімі желтоқсан айында өтеді.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауы отандық өндіру­шілерді жандандыру мақса­тында өткізілетін дәстүрлі кон­курс болып табылады. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, ол қазақстандық нарықты жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен то­лықтыруға көмектеседі. 

Сонымен қатар конкурс кәсіп­керлерге жаңа серік­тес­­тер табуға және импортты алмас­тыруға мүмкіндік беретін B2B-платформа болып табылады.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»