Бүгін Сәкен Сейфуллиннің туған күні

Ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 124 жыл. 

Егемен Қазақстан
15.10.2018 2083
2

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы15 қазанда Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905–1908), қалалық үш класты училищеде (1913–1916) оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берді. 1917 жылы 9 наурызда «Асығып тез аттандық» атты өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, «Жас қазақ» ұйымын ашты, «Тіршілік» газетін шығарысты, 3 айлық педкурста оқытушы болды. 1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының премьерасын көрсетті.

1918 жылғы 4 маусымда ақтардың көтерілісі болып, Ақмола совдепшілері тұтқындалды. Атаманның «азап вагонында» 47 күн ажалмен арпалысып, 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты. 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып, атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болады. 1920 жылғы 4 қазанда Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезіне делегат болып қатысып, Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланды. Жер-су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етті. 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, Халық Ағарту Комиссарының орынбасары болды.

Қазақ АССР Кеңесінің 3 съезінде Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болып сайланды (1922–1925). 1925 жылы 7 сәуірде Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым орталығының төрағасы, 12 маусымда Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы болып тағайындалды. 1926 жылы БК(б)П Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры болып жұмыс істеді. 1927 жылы шыққан «Жыл құсы» альманахына басшылық етті, «Жаңа әдебиет» журналын ашуға (1928) атсалысты. 1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» журналында жариялана бастаған «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық шығармасын жеке кітап етіп (1927) шығарды. 1929 жылы қазақтың зиялы азаматтарына арнап ауыз әдебиеті үлгісін жинау жөнінде жазған «Ашық хатын» жариялады. Қазақтың мемлекеттік педагогика институтының доценті болды.

1932 жылы «Әдебиет майданы» журналының редакторы, 1934 жылы Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметін атқарды. 1936 жылы Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен бірінші онкүндігіне қатысты. 1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімесін жазды. 1922 жылы «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағын», «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пьесаларын жазды. «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928), «Көкшетау» (1929) өлең-поэмалар жинақтарын, «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романын (1927), «Жер қазғандар» повесін (1927) жарыққа шығарды.

30-шы жылдары «Альбатрос» (1932), «Қызыл ат» (1934), «Социалистан» (1935) атты поэмаларын, «Айша» (1930), «Жемістер» (1935) атты повестерін жариялады. Қазақстан ескі әдебиет нұсқаларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен шұғылданды. Қазақ фольклорының тарихына арналған «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабын жазды. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жасауға қатысты. Басты шығармалары орыс тіліне аударылып, Кеңестер Одағы халықтарының бірқатар тілдерінде басылды. Қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы мерекеленді. Қазақстан Жазушылар одағы таңдаулы деректі проза мен публицистикалық шығармаларға жыл сайын беріліп тұратын С.Сейфуллин атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985). Алматы, Астана сияқты көптеген қалалар мен елді мекендерге, театрлар мен мектептерге, кітапханалар мен көшелерге Сәкен Сейфуллиннің аты берілген.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу